ЭКСПО-2017-ге арналған инновациялық жоба
Кафедра намысын «Экология» мамандығының үшінші курс студенті Баймағамбетова Айдана қорғады. Ғылыми жобаның тақырыбы: «Биогазды өндірудің тиімді тәсілі», жетекшісі ,
Қазіргі таңда жастар басым бөлігі ғылымды және ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын меңгеруде. Кафедра студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар жасалып отыр,яғни кәсіби ой-өрістің кеңеюі, теориялық білімді тереңдету және ғылыми әлеуетті дамыту.Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен нығайту,жастарды ғылыми, жобалық, технологиялық, шығармашылық және инновациялық қызметке тартудың формаларын дамыту және жетілдіру, мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін жоғарлату үшін білім беру, ғылыми және білім беру үдерістерінің бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.Жыл сайын біздің кафедра студенттері университетте өткізілетін студенттік конференцияларға, семинарларға белсене қатысады.
Сондай-ақ, кафедрада 3 ғылыми үйірме жұмыс істейді, олар «Жас эколог» (9 адам) ғылыми жетекші, оқытушы Атаева Г.Н., «Қауіпсіздік» (8 адам) ғылыми жетекші,аға оқытушы Арттыкова Ж.К. және «Сапа» (5 адам) ғылыми жетекші, оқытушы Ерманова Б.А. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің тақырыптары: «Проведение мониторинг рек ЗКО», «Изучение разновидностей рыб ЗКО», «Изучение требований к оборудованием», «Определение качества молочных продуктов», «Определение полезных свойств меда», «Изучение технологической схемы ЖБИ».
Студенттік ғылыми үйірмелердің негізгі міндеттері:
- студенттердің ғылыми конференцияларға, үздік ғылыми жұмыстар конкурстарына, ғылыми семинарларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету; - студенттердің ғылыми шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастыру, түрлі салалардағы ғылыми проблемаларды дербес шешу әдістемесі мен әдістері; - студенттік ғылыми үйірмелер мүшелерінің арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе алмасу; - ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар резервінің ең қабілетті, белсенді студенттері арасында оқыту; - дарынды және талантты студенттерді анықтау, оқу үдерісінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін шешу үшін олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін пайдалану. |
Білім беру - әлеуметтік, өндірістік және мәдени өмірге белсенді қатысуға дайындалу үшін жеке тұлғаның мақсатты, жүйелі түрде қалыптасу үдерісі.