Барлық жаңалықтар >>

Соңғы жаңалықтар

Болашақ прокурор кеңістігі - игі бастама!

{picturewrapper}{/picturewrapper} 2025 жылдың 20 қыркүйек күні “ Заң және тәртіп” қағидасы аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті базасында “Болашақ прокурор кеңістігі “ ашылды. Бұл – еліміз бойынша “Құқықтану” білім бағдарламасын оқытатын жоғары оқу орындары арасында 11-ші болып ашылған бұрыштама. Шараға Бас прокуратураның кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Е.З.Уәли, БҚО прокурорының м.а. Д.Б.Умаргалиев, БҚО прокурорының орынбасары А.Ә.Сәтбаев, БҚО прокуратурасының аппарат басшысы Е.Рахымжанұлы, БҚО прокурорының аға көмекшісі Ж.Ө.Иманғалиева, БҚО прокуратурасының топ басшысы Д.Е.Нұрсұлтанова, Орал қаласының прокуроры М.Е. Изимов және университетіміздің құрылтайшысы, профессор А.С.Әйтімов, ректор А.Н.Баяхов, ректорат мүшелері, оқытушы- профессорлық құрамы және студенттер қатынасты. “Болашақ прокурор кеңістігі” тақырыбы бойынша ашылған бұрыштамада Қазақстан Республикасының прокуратура қызметінің жүйесі, республикамыздың барлық облыстарының прокуратурасының құрлымы, қызметі, жетістіктері, прокуратура қызметін реттейтін құқықтық актілері, Бас прокуратураның нұсқаулықтары, прокуратура саласында қызмет атқаратын ғалымдардың монографиялары, диссертациялық жұмыстары, қадағалау актілерінің құрлымдық тәртібі бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, ғылыми әдебиеттер мен пәндік оқулықтар, республикамызда шығарылатын құқықтық журналдар және де прокурордың қызметтік формасы орналасқан.    ...

Толығырақ

Денсаулық күні

{picturewrapper}{/picturewrapper} 🏅 QAZIITU ғылыми-білім кешені «Денсаулық күні» аясында студенттер үшін кең көлемді спорттық шара ұйымдастырды. Мақсат – жастардың белсенді өмір салтын қолдау, спортқа қызығушылығын арттыру және ұжымдық рухты нығайту болды.🤾‍♂️ Шара барысында студенттер арқан тартыс, гір көтеру, көңілді эстафета және түрлі жүгіріс сайыстарына қатысып, өз күш-қуаты мен шыдамдылығын көрсетті.👩‍🦰 Қыздар арасында – 500 м, 👨‍🦱 жігіттер арасында – 1000 м қашықтыққа жүгіру ерекше тартысты өтті.📊 Жалпы командалық есеп:🥉 орын — @rvtk_07🥈 орын — @qaziitu_life «Техникалық пәндер» кафедрасы🥇 орын — @digital_college🤝 Бұл шара студенттердің ұйымшылдығын, достық қарым-қатынасын арттырып, салауатты өмір салтының маңызын айқындай түсті.  ...

Толығырақ

Мұрат Сейілбекұлы Байсаловтың «Жастарға мүмкіндік» атты кездесу

{picturewrapper}{/picturewrapper} 15.09.2025ж. күні университетімізде күндізгі бөлімнің барлық мамандықтары бойынша 4-ші курс студенттерімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсаловтың «Жастарға мүмкіндік» атты кездесу шарасы оздырылды.Университетіміздің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада сөз алған Мұрат Сейілбекұлы еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының мәні мен маңызы, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, қарастырылған жеңілдіктер және «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің оқу бағдарламасы туралы кеңінен тоқталды.Университет тарапынан Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Д.К.Ахметжан қонақтарға Университет басшылығы атынан алғысын білдіріп, шараның мән, маңызына тоқталып, тақырып бойынша өз тілегін жеткізді. Студенттер мемлекеттік қызмет туралы қызығушылығын білдіріп, өз сұрақтарына жуап алды.Аталған шара мақсатына жетіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен университетіміз арасындағы жұмыс бағытын жетілдірді. Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі...

Толығырақ

”КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты.

”КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты.Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар қарастырылып, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту, жастарға тәрбие мен патриоттық құндылықтарды сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Оқу орнының өкілдері Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді....

Толығырақ

КазИИТУ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ!

{picturewrapper}{/picturewrapper} КазИИТУ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ! 🎉1 қыркүйек күні «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ» атты салтанатты шара өтті.📌 Шарада құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.✨ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.🎶 Керемет әндер мен би нөмірлері шараға ерекше рух сыйлады.Жаңа оқу жылы жаңашылдыққа, табысқа және ұмытылмас сәттерге толы болсын! 🚀...

Толығырақ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІҢ КЕПІЛІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

{picturewrapper}{/picturewrapper} “КазИИТУ” ғылыми - білім кешенінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІҢ КЕПІЛІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі, ел бірлігі мен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының даналық ойларына сүйене отырып, әділеттілік пен тұрақтылықтың ұлт болашағы үшін маңызын атап өтті.Дөңгелек үстел пікір алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді....

Толығырақ

КІТАПХАНА / БЛОГТАР

Ректор блогы

Баяхов Әлиби Науханұлы

Блогке өту >>
Президент блогы

Айтимов Ақсерік Сарыевич

Блогке өту >>

Виртуалды қабылдау комиссиясы

«ҚазИТУ» барлық сұрақтарыңызға ZOOM платформасында жауап береді

Конференция идентификаторы 254 121 26 50

Код 090000

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 10:00-ден 17:00-ге дейін үзіліспен 13:00 - 14:00

Онлайн анықтамалар

Студенттерге онлайн қызмет көрсету орталығы

Шағымдар мен ұсыныстар

Инстаграмға өту >>

Біздің инстаграм

Фоторепортаж