Created: 09 Желтоқсан 2025
38

АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН  КЕЗДЕСУІ

       Бүгін «Экология және ТҚ» кафедрасында академиялық комитеттің жұмыс берушілермен бірлескен отырысы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты — білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру, еңбек нарығының ағымдағы талаптарын талдау және студенттердің кәсіби дайындық деңгейін жетілдіру.

     Отырыcқа кафедра меңгерушісі Р. С. Садықов, білім беру бағдарламаларының жетекшілері 6В07520 "Стандарттау және сертификаттау" білім беру бағдарламасы бойынша – Б. М. Нургалиева, 6В05212 "Экология" білім беру бағдарламасы бойынша – А. Е. Габдуллина және 6В11221 "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасы бойынша – М. Х. Майданова, білім алушылар мен түлектер: Магниязова Маусым Рустамқызы – СС-442 және Гончар Юлия Викторовна – СС-331, сапаны басқару жүйесі бойынша бөлім басшысы Даулешова Айнара Сырымбекқызы – ЭКО-442 және Жумагазиев Алматай Закариевич – ЭКО-222, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» басшысының орынбасары Атамуратова Азиза Бахадырқызы – БЖД-342 және Максотов Еркебұлан Гарафшаұлы – БҚО ТЖД Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №8 ӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты, және өңірдің жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Соның ішінде: «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы Молдашев Марат Төлеғалиұлы; «Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің» басшысы Ермекқалиев Мұрат Шиманғалиевич; "Оралагрореммаш" АҚ бас директоры Бисенов Мирлан Сағинович; ОФ АҚ "KazTransCom" директоры Кривошеев Вадим Валентинович; "Трансформаторлық зауыт" ЖШС өндіріс бойынша директоры Іспанов Әділбек Еркінович; "БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" басшысының орынбасары Мұстаев Нұрлыбек Ермекович; Менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы, менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор Анисимова Марина Борисовна және "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ менеджмент және маркетинг жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің оқыту секторының меңгерушісі, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор Елемесова Акмарал Нұржановна қатысты.

      Жиын барысында жұмыс берушілер өз салаларындағы заманауи трендтер, жаңа технологиялар мен кадрларға қойылатын талаптар туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар олар оқу жоспарларын жаңарту, тәжірибені күшейту, дуальді оқытуды дамыту және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты.

    Академиялық комитет мүшелері жұмыс берушілердің пікірлерін назарға алып, білім бағдарламаларына енгізілетін өзгерістерді талқылады. Әсіресе практикалық сабақтардың үлесін арттыру, нақты өндірістік кейстерді оқу процесіне енгізу және кәсіби құзыреттерді бағалау әдістерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.

      Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, жұмыс берушілермен тұрақты кері байланыс орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және студенттердің өндірістік тәжірибесін кеңейту бойынша нақты жоспарлар бекітілді.