Created: 10 Ақпан 2019
3709

Кітапхана қызметі

 

 

Қазіргі кезде кітапхана университеттің  оқу-тәрбие үрдістерін ақпаратандыру және ғылыми ізденістерін  құжаттармен қамтамасыз етуші, сондай-ақ білімді таратушы, интелектуалды қарым-қатынас және мәдениет орталығы ретіндегі құрылымы болып есептеледі.

 

Кітапхананың жалпы қоры 180,0 мың дананы құрайды, қор – оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттер (оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі оқу құралдары, есептер мен тәжірибе жинақтары, схемалы альбомдар, оқу-әдістемелік құралдар), арнайы басылымдар (заңды нормативтік және құқықтық актілер жинақтары, кодекстер және олардың комментариларының жинағы), анықтама-библиографиялық басылымдар(энциклопедиялар, салалық сөздіктер мен анықтамалықтар; ғылыми басылымдар (монографиялар, авторефераттар, еңбектер, мақалалар жинақтары) көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар 80-ге тарта атаудағы газеттер мен журналдар. Кітапхана жыл сайын 80-ге тарта  оқу орнының  оқыту саласы бойынша , оның ішінде техникалық, экономикалық, педагогикалық және басқа да Қазақстан, Ресейдік атаудағы газет пен журналдарды жаздырып алады.  Оқырман саны 4,0 тарта адамды құрайды.  Күн сайын кітапханаға 50-100 ге тарта  пайдаланушы  келеді.

 

Кітапхана штатында 4 қызметкер жұмыс жасайды, оның 2- жоғары кітапханалық білімді маман, - 2-уі арнайы орта білімді. Барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген. 

 

Дәстүрлі әдістер мен қызметтерді сақтай отырып, университет кітапханасы заманға сай өз қызметін жаңа инновациялық технологияны енгізе отырып, оқу үрдістері мен жоспарларына  сай келетін қорда бар электронды ресурстарды жүйелеп электронды кітапхана жасақтады.

 

Кітапханада  дәстүрді каталог және электронды анықтама-бибилиографиялық каталог бар: 

 

1. Электронды каталог - "КАБИС"  (Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) бағдарламасымен

 

2. Алфавиттік каталог

 

3. Жүйелі каталог

 

4. Жүйелі басылымдар картотекасы

 

2011 жылдан бастап кітап, газет және журналдардың мақалаларының, авторефератрдың, диссертациядың библиографиялық жазбаларын қамтитін электронды каталог жасақтала бастады. Бұл күні  29474  библиографиялық жазбан тұратын электронды каталог студенттер мен оқытушылар үшін қолжетімді.

 

Кітапханада «Кітаптар», «Мақалалар», «Электронды басылымдар» және заңгерлерге арналған «Заң» , ақпараттық мәліметтер базасы және мерзімді басылымдар картотекасы бар.

 

Кітапхананың электронды залы   40 компьютер, қажетті  кез-келген ақпаратты көретін  компьютер, LED-экранмен, жаңа толқынды құрылғылармен   (сканер, принтер) жабдықталған.

 

Кітапхана өз пайдаланушылары үшін мынандай қызметтерді ұсынады: интернетке қолжетімділік, видео-материалдарды қарау, электронды тасығыштағы оқу-әдістемелік құралдарды пайдалану, сондай-ақ барлық компьютерлер локалды жүйеге қосылған.  Видеопроектор құралдары арқылы  оқытудағы интерактивті әдістерді қолданып сабақтар өткізіледі.

 

Кітапхананың  залында басқа қалалардың ғалымдары және басқа да шараларды қазіргі интерактивті әдіс арқылы  видео конференциялар, виртуалды лекциялар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Оқу залы  жаңа құрылғылармен, проекторлармен, Интерге қолжетімділікпен қамтамасыз етілген.

 

Бүгінгі күні  университетте ақпаратпен қамтамасыз ету барлық мамандықтар бойынша  оқыту үрдісін жаңаша жүргізуге мүмкіндік береді.  Осының арқасында университеттің студенттері мен магистранттары кең көлемді технологияға негізделген ақпараттық-коммуникативтік ортада болады.  Кітапханада  пайдаланушыларға қажетті материалдарды  жұмыс үстеліне электронды түрде жеткізу қызметі ұйымдастырылуда және жаңа ресустар туралы  жетекші мамандарды ағымдағы ақпараттандыру жүргізіледі.   Атап өту керек, бүгінгі күні кітапхананың түрлі категориядағы пайдаланушыларының сұранысы бойынша кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуде  құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметі үлкен мәнге ие.  Екі жылдан бері мұндай қызметті университеттің проректоры және университет басшылары  ақпараттық қызмет көрсету бойынша ДОР жүйесі арқылы пайдаланып келеді., сондай-ақ электронды құжат жеткізу қызметін студенттер, магистранттар мен оқытушыларда пайдалана алады.

 

Көркем әдебиеттер мен өнер туралы әдебиеттерді насихаттаудағы студенттермен жүргізілетін жұмыстар болашақ мамандардың рухани жағынан дамуына үлкен әсер етеді.  Бұл әдебиеттер университет кітапханансының бір бөлігін құрайды.  Кітапхананың міндеттерінің бірі, мәдени рухани құндылықтарды сақтау, соған орай  аз болсада құнды болып саналатын сирек кітаптардың коллекциясы, профессорлар мен оқытушылардың ғылыми еңбектерінің және университеттен шығатын басылымдардың қоры жинақталуда.

 

Кітапхана тек ақпараттық қызметпен ғана айналыспайды, сонымен қатар студенттердің тәрбие процессінеде белсенді қатысады.  Кітапханалық қызмет көрсету мен қорды насихаттауда жаңа әдебиеттердің көрмесі, еліміздегі айтулы оқиғаларға арналған, тарихы мен әдебиетін насихаттайтын тақырыптық көрмелер үлкен роль атқарады.

  

Жаңадан келіп түскен әдебиетті насихаттау мақсатында кітапхана ай сайын көрме ұйымдастырады «Жаңадан келіп түскен әдебиет» деген ақпараттық көрсеткіш шығарады кітап көрмесі ұйымдастырыладыды , сонымен қатар Білім күніне, Жастар күніне, Ғылым  мен оқу одағы күніне, Студенттер күніне , халықаралық шылым шегумен күрес күніне, СПИДпен күрес күніне және «Ұлы істерге бастаушы» атта Президент күніне көрмелер ұйымдастырылды.

 

Жыл сайын университет оқытушылары  мен студенттерге бай кітап қорын тегін пайдалануға мүмкіндік жасау мақсатында  кітапханалық қызмет көрсету үшін қаладағы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК, Х.Есенжанов атындағы ОБЖК, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханаы» Батыс Қазақстан облыстық филиалымен келісімшартқа отырады.

 

Кітапхана штатында 4 қызметкер жұмыс жасайды, оның 2- жоғары кітапханалық білімді маман, - 2-уі арнайы орта білімді. Барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген.  Кітапханада 80 орындыққа арналған оқу залы бар.  Кітапхананың қызмет көрсету уақыты  сағат 09.00-18.00 дейін. Сенбі күні  сағат 09.00-13.00 дейін.