КЕҢСЕ ТІРКЕУШІСІ
Тіркеуші кеңсесі Академиялық қызмет жөніндегі Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын бақылауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Тіркеуші кеңсесінің мамандары университеттің оқу жылына арналған академиялық күнтізбесін жасайды, білім алушылардың үлгерімін бақылайды, емтихан сессиялары мен жазғы семестрлер кезеңінде жазбаша нысанда компьютерлік тестілеу мен емтихан рәсімдерін ұйымдастырады және бақылайды. Эдвайзерлермен бірлесіп білім алушыларды элективті пәндерге тіркеуді жүзеге асырады, оқытудың жеке траекториясын қалыптастырады. Тіркеуші кеңсесі жазғы қосымша семестрде оқытуды ұйымдастырушы және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелері бойынша университеттің үйлестірушісі болып табылады. Тіркеуші кеңсесінің құрамында студенттік кадрлар бөлімі жұмыс істейді.
Тіркеу кеңсесі А1 корпусында, №206 кабинетте орналасқан