Created: 23 Қантар 2024
307

Магистратура

 

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті университет түлектерін магистратурада сапалы білім алуға шақырады, ол үшін 1 маусым мен 15 шілде аралығында университетке құжаттарын тапсыру қажет.

 

Магистратура екі бағытта жүргізіледі::

  1. Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл (Ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламалары тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу дайындығы бар жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, колледждер үшін ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындайды)
  2. Бейіндік бағыт – 1-1,5 жыл оқу (Бейіндік магистратура тереңдетілген кәсіби даярлығы бар экономика секторлары, қызмет көрсету саласы және бизнес үшін басқарушылар дайындайды)

 

 

Мамандықтар:

7М04225 Құқықтану

7M04129 Экономика

7М06130 Ақпараттық жүйелер

 

 

Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі

  1. Белгіленген нысандағы өтініш
  2. Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
  3. Жеке куәліктің көшірмесі
  4. Еңбек кітапшасының нотариус куәландырған көшірмесі
  5. 3*4 фотосурет – 6 дана
  6. Флюорографиялық суреті бар 075-У медициналық анықтама
  7. Жеке парақ
  8. TOEFL, IELTS немесе шет тілін меңгеру туралы басқа сертификаттың көшірмесі (бар болса)

Ұлттық тестілеу орталығының сайтына http://pvo-zayav.testcenter.kz/login сілтемесі бойынша өз бетінше тіркелу керек, тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Университетке қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.

Жалпы еуропалық стандарттарға (TOEFL, IELTS) сәйкес шетел тілін меңгеру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ бойынша шет тілін білу емтиханынан босатылады.

 

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

Мекен-жайы: Орал қаласы, М.Мәметова көшесі, 81

Тел: 8(7112) 50-66-66, 8 771 484 55 55, 8 705 387 88 82

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

instagram: @Kaziitu.life @kazuiits