Created: 03 Сәуiр 2019
2125

«Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы

«Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экономика факультетінің» негізінде 1998 жылдан бастау алды. Ол кезде кафедра «Арнайы эконмикалық пәндер» болып аталып, «Экономика» және «Қаржы» мамандықтары бойынша білім берді. 

2001–2002 оқу жылдарында экономикалық факультеттің деканы болып Қайрлиева Гаухар Ермекқалиқызы тағайындалды. Осы кезеңде факультеттің дамуына білікті әрі тәжірибелі оқытушылар — Тастемиров Асқар Ғұмарұлы, Хабибуллина Нурия Хаджиқызы, Рүстенова Эльвира Амангелдіқызы, Окунева Валентина Николаевна елеулі үлес қосты.

2005 жылдан бастап «Арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметін Камиева Алмагүл Ақболатқызы атқарды. Осы кезеңде экономикалық факультет құрылымында «Арнаулы пәндер» және «Жалпы кәсіптік пәндер» кафедралары жұмыс істеп, кейіннен олар «Есеп және қаржы» және «Экономика және басқару» кафедралары болып қайта құрылды.

2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ресей Федерациясы РЖА профессоры Искаков Санимжан Ербозымұлы атқарды.

2019 жылы кафедра меңгерушісі болып экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы РАЕ профессоры, Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) академигі Серікбаев Серік Кенесұлы тағайындалды.

2021–2022 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін экономика ғылымдарының магистрі Мекин Мәдениет Әділұлы атқарды.

2023–2024 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраға Исагалиев Сәкен Талғатұлы жетекшілік етуде.

Қазіргі таңда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 37 адамнан тұрады, оның ішінде 3 профессор, 10 доцент және 24 аға оқытушы бар.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы бакалавриаттың келесі білім беру бағдарламалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде мамандар даярлайды:

  • 6В04108 «Бухгалтерлік есеп және аудит»
  • 6В04110 «Қаржы және несие»
  • 6В04106 «Мемлекеттік қызмет және жергілікті басқару»
  • 6В04105 «Менеджмент»
  • 6В04107 «Экономика және бизнес»
  • 6В04109 «Бағалау»

Сонымен қатар кафедра 7М04129 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада кадрлар даярлауды жүзеге асырады: ғылыми-педагогикалық бағыт (оқу мерзімі — 2 жыл) және бейіндік бағыт (оқу мерзімі — 1 жыл).

«Экономика және менеджмент» кафедрасы ғылыми және инновациялық қызметті дамытуға ерекше мән береді. Профессор-оқытушылар құрамы экономика, басқару және қаржы салаларындағы өзекті бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді, олар қазіргі заманғы сын-қатерлер мен еңбек нарығының талаптарына бағытталған.

Ғылыми жұмысқа студенттер мен магистранттар белсенді түрде тартылып, олар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, ғылыми жарияланымдар дайындауға және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасауға қатысады. Алынған ғылыми нәтижелер тәжірибеде қолданылып, білім алушылардың инновациялық ойлауын, кәсіби және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кафедраның миссиясы — ақпараттық экономиканың талаптарына сай жаңа сападағы адами капиталды қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ барлық білім беру бағыттары бойынша студенттердің экономикалық ойлауын дамыту.

Кафедраның мақсаты — қазіргі заманғы экономика үшін жоғары білікті, жеке және корпоративтік кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, қаржы-несие және есеп-талдау қызметі салаларында табысты кәсіби қызмет атқара алатын, заманауи экономикалық, қаржылық және есеп-талдау технологияларын меңгерген, жаһандану жағдайында кәсіби білімдері мен құралдарын тиімді қолдана алатын, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.