«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасының даму тарихы»
"Жалпы техникалық пәндер" кафедрасы 2013 жылы құрылған. Кафедрамызда 6В07327 "Құрылыс", 6В07317 " Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру", 6В07319 "Жерге орналастыру", 6В07319 "Кадастр" білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Жалпы техникалық пәндер кафедрасында 9 арнайы жасақталған оқу кабинеттері (Студиялық сабақтарға арналған сәулеттік бөлшектер кабинеті, Гипс фигураларықоры бар макет шеберханасының кабинеті, Жобалаудағы bim технологиясы, Құрылыс материалдары кабинеті, құрылыс жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру зертханасы, Жерге орналастыру және кадастр, Геодезия, Құрылыс материалдары және технологиялық процестер лабораториясы) және 3 кафедра филалдары бар ("Мемқалақұрылыскадастры" БҚО филиалы, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпарациясы» АҚ, Орал ауылшаруашылығы тәжірбие станциясы). Оқыту үдерісіне басқа жоғары оқу орындарының жетекші мамандары, ұйымның жұмыс берушілері, жетекші мамандар шақырылады. Кафедра оқытушылары облыс кәсіпорындарында көшпелі сабақтар, ашық дәрістер, семинарлар, оқыту тренингтерін белсенді өткізеді. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі - техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – Н. Ж. Амрешов.
Кафедраның неізгі мақсаттары мен міндеттері:
Оқу-әдістемелік жұмыс:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде мамандарды даярлау және шығаруды жүзеге асырылатын жұмыс оқу жоспарларын, жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- кафедраның оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру: оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар, есептер жинақтары, зертханалық жұмыстар, пәндерді оқуға арналған әдістемелік ұсыныстар, сонымен қатар ағымдағы, білім берудің барлық нысандары бойынша білімді аралық және қорытынды бақылау;
- кафедраның пәндері бойынша жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім беру технологияларын әзірлеу және пайдалану;
- білім алушылардың іздену, талдау және іс-әрекет нәтижелерін тұжырымдау қабілеттерін дамытуға бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- студенттердің кәсіби тәжірибесін, курстық және дипломдық жобаларын (жұмыстарын) ұйымдастыру және басқару, оларды әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқыту формаларының заманауи технологияларын енгізу;
- кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
- мамандарды даярлауда кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен іскерлік ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын дамыту;
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- кафедра профиліне сәйкес, бағыты мен тақырыбы болуы және зерттелетін ғылымдардың (пәндердің) теориялық және практикалық мәселелерін одан әрі дамыту тұрғысынан перспективалы болуы тиіс ғылыми зерттеулер жүргізу;
- магистратура негізінде ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;
- кафедра профилі бойынша диссертацияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау, рецензиялау және олар бойынша қорытындылар дайындау.
Тәрбие жұмыстары
- өз бетінше сауатты шешім қабылдайтын,оны жүзеге асыра алатын маман үлгісін қалыптастыру;
- студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға және кафедраның қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысуға ынталандыру;
- кафедра бейіні бойынша тақырыптық іс-шаралар өткізу, студенттердің ой-өрісін кеңейтуге және таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыруға ықпал ету;
- жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, лицейлердің студенттері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу және т.б.
Жалпы техникалық пәндер кафедрасында жылға жоспарланған тәжірибеге бағытталған сабақтар, ашық сабақтар, жұмыс берушілермен кафедра филиалдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер жоспар бойынша өтуде. Аталған жұмыстар нәтижесінде қаламыздың ірі компанияларымен келісім шарттар жасалды. ( ЖШС «Геокурс», ЖШС «Уралводпроект», «Госградкадастр», ЖШС «ПроектИнвестСтрой», ЖШС «Dream House Construction Group» , ЖШС «Адал Арна» , ЖШС Arteria).
Оқытушыларымыз Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушыларымыз Лукпанов Гайса Наушевич, Нурулина Жанар Елеубаевна, Исмагулова Салтанат Махамбетовна, Тажигулов Алмас Амантаевевич Қызылорда қаласының «Болашақ» Университетінде арнайы пәндерден дәріс сабақтарын өткізді.
Ғылыми бағыт аясында профессорлық-оқытушылық құрам мақалалары ғылыми журналдарда, Sccopus, Коксон, РИНЦ басылымдарында мақалалар жарық көруде.
Кафедрамыздың аға оқытушысы Таудаева Айнур Амангалиевна 2024 жылы ҚР ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 13.06.2025 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде диссертация кеңесінің PhD философия ғылымдарының докторы атанды.
Кафедрамыздың ак.доценті Исмагулова Салтанат Махамбетовна Қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысының» ұйымдастырған академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ ҮШІН" халықаралық жобасына қатысып, 1 дәрежелі диплом, қатысушы куәлігі және медалінің иегері атанды.
