Created: 14 Қантар 2026
15

Президент сұхбаты: жаңғыру идеялары - университеттік алаңда

Президент сұхбаты: жаңғыру идеялары - университеттік алаңда

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбат-мақаласына арналған мазмұнды талқылау өтті.

Кездесу барысында Президент айқындаған стратегиялық бағыттар ғылыми-білім беру қауымдастығы тұрғысынан сараланып, ашық пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шараны университет ректоры Әліби Науханұлы Баяхов жүргізіп, цифрландыру, жасанды интеллект, қоғамдық сана мен жауапкершілік мәселелерінің жоғары білім беру жүйесі үшін өзектілігін атап өтті.

Талқылауға мемлекеттік қызмет, ақпарат саласы, құқық қорғау органдары, өкілді билік пен әскери құрылым өкілдері қатысып, Президент сұхбатында көтерілген идеяларға салалық тұрғыдан баға берді.

Қатысушылар Мемлекет басшысының сұхбаты ел дамуының жаңа философиясын айқындайтын маңызды бағдар екенін және мұндай пікірталас алаңдарының жастардың саналы азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Жаңғыру идеясы - білімді, жауапты және белсенді ұрпақтан басталады.