Created: 27 Қараша 2025
23

Құқықтану студенттері үшін мемлекеттік айыптауды қолдауға арналған арнайы кездесу өтті

БҚО-да Мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында алқабилер қатысатын соттардағы мемлекеттік айыптауды қолдаудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті

Форум шеңберінде Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыдағы істерге қатысу басқармасының бастығы Аймағанова Айжан Талғатқызы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттерімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты - алқабилер қатысатын сот өндірісіндегі мемлекеттік айыптаудың өзекті тұстарын түсіндіру, енгізіліп жатқан ақпараттық-анықтамалық өзгерістермен таныстыру және жас заңгерлердің кәсіби бағдарын нығайту.

Студенттер мемлекеттік айыптаушы жұмысының заманауи әдістері, соттағы дәлелдемелерді ұсыну ерекшеліктері, апелляциялық сатының рөлі және құқық қорғау саласындағы жаңа тенденциялар туралы маңызды ақпарат алды.

Іс-шара болашақ заңгерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға және құқықтық мәдениетін күшейтіп, прокуратура органдарымен серіктестік байланысын нығайтуға бағытталды.