Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты-білім беру қызметтері сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін енгізу және әкімшілік пен профессорлық-оқытушылық құрам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру арқылы білім беру процесін қазіргі деңгейде ұйымдастыру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуде мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
- оқу процесінің сапасын әдістемелік қамтамасыз ету мониторингін ұйымдастыру;
- университет баспасы жариялайтын оқу-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды және басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптаманы ұйымдастыру және ұсынымдар беру;
- университеттегі білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
- оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдіруде озық жетістіктерді тарату және енгізу;
- сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу-әдістемелік материалдардың нәтижелерін білім беру процесіне енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
- университетте қолданыстағы технологияларды, әдістерді, оқыту құралдарын жетілдіру және жаңаларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмысты үйлестіру;