Created: 10 Ақпан 2019
1654

Факультеттің мақсаты мен міндеттері

 

«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің жас факультетінің  бірі. Кафедра меңгерушісі т.ғ.м. Таудаева Айнур Амангалиевна.

 

Кафедра құрамына 4 мамандық кірді:

 

–  050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын  және конструкцияларын өндіру»

 

– 5В012000 «Кәсіптік оқыту»

                            

Кафедра 4 мамандық бойынша бакалаврлар даярлайды:

 

р/с

Бакалавриат мамандықтары

1

5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын  және конструкцияларды өндіру"

2

5В012000 «Кәсіптік оқыту»

 

Бірінші мақсат- өз білімін үздіксіз тереңдетіп, шеберлігі мен дағдысын жетілдіріп отыратын маман кадрларды дайындау және оның сапасын өздігінше ізденумен арттырып отыру.

 

Екінші мақсатта мына төмендегі мәселелердің шешімін табу негізінде орындалады. Олар:

 

-модульді оқып, жоспарын бітіруші түлектердің біліміне , біліктілігіне қарай жасау.

 

-ұйымдар мен мекемелердің  талаптарына сай оқу жұмыс жоспарлары түрлерін есепке алу.

 

-шамаланған іс тәжірбие бағыттарында мамандарды дайындау және төменде аталған жайларға мән беру:

 

 

1. Білім беру үдерісінде оқу пәндерін интегралды жобалау курстарында және оларға дәріс беру әдістемелерін ендіру;

 

2. Білім беру қызметтерінде оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді жақсартады.

 

3. Дистанциондық (арақашықтық) технология негізінде оқытуды жетілдіру;

 

4. Университет пен жұмыс берушілер арасындағы бірлескен ынтымақтастық байланысты тиімді мазмұнда ендіру;

 

5. Оқу үдерісінде алдағы кезде де оқытудың алдыңғы қатарлы технологияларын және халықаралық индекстегі ғылыми үзінділерді (цитаталарды) пайдаланып отыру;

 

6. Университет кафедраларындағы ғылыми ізденіс жұмыстарын дамыту;

 

7. Ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелерін кеңейте отырып ендіру;

 

8. Білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту;

 

9. Ғалымдардың ғылыми гранттарды жеңіп алу жүйесін қолдау, дамыту;

 

 

Үшінші мақсат- тұрмыста болып жатқан  ғылым мен білімнің жаңа сападағы жетістіктері мен қоғамдағы ең соңғы жаңашыл (инновациялық) құралдарды   пайдалану арқылы төмендегі мәселелерді қарастыру:

 

-ғаламтор желісіне жетудегі ішкі каналдарына жоғары жылдамдықпен мәліметтер беруде қамтамасыз етуді кеңейту;

 

-жоғары оқу орындарын автоматты жүйемен басқару мақсатында компьютерлік телекоммуникацияны белсенді түрде қолданудың мүмкіндігін кеңейте түсу, жетілдіру;

 

-Оқыту үдерісінде инновациялық білім беру формаларын қолдану:бейне конференция тәртібіндегі дәрістер, онлайн тәртібіндегі талқылау, факультет, кафедралардың компьютерлік мультимедиялық құрал жабдықтармен жарақталуын жақсарту, құрылымдық модернизациялау;

 

Төртінші мақсат-кітапхана қорын модернизациялау болып табылады. Ол біріншіден жинақтауды және жоғары оқу орындағы мамандықтарды ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ кафедра тапсырысы мен тематикалық жоспар бойынша жинақталған мемлекеттік тілде жазылған қазіргі заманғы ғылыми техникалық және оқу құралдары әдебиеттерін жаздырып алып отыру үдерісін басымдылық негізде тиімді ұйымдастырып отыру.

 

-Профессор оқытушылар құрамының (ПОҚ)  қызметінде ғылыми атақ дәрежесі бар иелерінің әлеуметтік статусын көтеру және олардың еңбектерінің бағалануы материалдық моральдық ынталандыру.ПОҚ-ның еңбегін бағалау жүйесін одан әрі дамыту бағдарламасы арқылы жетілдіреді:

 

-ғылыми педагогикалық кадрларды дайындау жүйесі жетілдіреді.Мақсат пен міндеттерінің дамуы негізгі мемлекеттік және өңірлік стратегиялық құжаттарға және ұлттық білім беру жүйесі мен өңірдің даму, сондай-ақ қолданыстағы басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді.

 

Бұдан басқа да миссиялар, айталық қолда бар ресурстар арқылы жоғары оқу орнының мүмкіндіктері және нарықтық талаптардың мақсаттары мен міндеттері толығымен сәйкес келеді.

 

Негізгі стратегиялық құжаттардың мақсаты мен міндеті мемлекеттің ,аймақтың мақсаттарымен ара қатынасының дәл келуі және ұлттық білімнің жүйесі және аймақтың өркендеуі мен ағымдық басқару жүйесі. Мұнан басқа миссияның мақсаты мен алға қойғаны түгелдей бар ресурстармен сәйкес келеді, яғни ЖОО-ның мүмкіндігімен және нарық талабымен.