Генерал-майор Р. Е. Қайдаров атындағы оқу-криминалистикалық орталығы
Әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық корреспондент-мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. "Генералдар кеңесі" РҚБ төралқасының төрағасы. Халықаралық экологиялық Палатаның құрметті профессоры.
Генерал-майор Р.Е.Қайдаров атындағы оқу-криминалистикалық орталығы ҚазИжТЖУ-нің президенті А.С.Айтимовтің өкімі негізінде 2015 жылы құрылған.
Орталықтың құрамына мамандандырылған аудиториялар мен криминалистикалық полигондар: Сот отырысы залы, 2 кримполигон, Медиация, Криминалистика, Сот сараптамасы кабинеттері кіреді.
Оқу процесінде криминалистикалық полигондарды пайдалану мақсаттары.
- Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде техникалық құралдар мен тактикалық тәсілдерді қолданудың практикалық дағдыларын, сондай-ақ оқиға орнында тергеушінің жұмысы кезінде әртүрлі түрдегі қылмыстарды ашу және тергеу әдістерін әзірлеу.
- Оқиға орнында мамандардың (сот-медициналық сарапшының, криминалист-маманның) және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар қызметкерлерінің көмегін пайдаланудың практикалық дағдыларын пысықтау; оқиға орнында жедел-тергеу тобының жұмысын басқару дағдыларын пысықтау.
- Тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелерін тіркеу және бастапқы кезеңде тергеуді жоспарлау дағдыларын жетілдіру.
Криминалистикалық полигондар криминалистика, азаматтық процестік құқығы, қылмыстық процестік құқығы, сот сараптамасы, қылмыстық құқық, жедел-іздестіру қызметінің теориясы сияқты пәндер бойынша практикалық сабақтар өткізуге мүмкіндік береді. Екі криминалистикалық полигонның құрамына "кафе-бар", "кеңсе", "қонақ бөлмесі", "ас үй" кіреді. Кримполигондар мен мамандандырылған аудиториялардың үй-жайлары тергеу, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу тәртібі, сондай-ақ криминалистикалық іс-қимылдардың тактикасы, техникасы мен әдістемесі туралы ақпараты бар стендтермен жасақталған.