Created: 10 Ақпан 2019
3280

«Құқықтану» бағытындағы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының миссиясы

 

5В030100 «Құқықтану» бағытындағы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының миссиясы-оқытушылармен оқушылардың және жұмыс берушілерді академиялық бірлестікке біріктіру негізінде, құқықтану бағытында жоғары дәрежелі жан жақты дамыған мамандарды әзірлеу арқылы Батыс Қазақстан халқының білім беру және интелектуалдық құрылымын жетілдіру.

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

 

5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп бере алатын бакалавр дайындап шығару;

дүниежүзілік білім беру кеңістігімен интеграцияландыру;

білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің құру;

білім берудің жалпы ақпараттық орталығын құру;

білім беру процессінің оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;

құқықтану білім жүйесіндегі материалдық-техникалық базаны жетілдіру;

білім беру мен ғылым саласын жетілдіру;

көп деңгейлі білім беру жүйесінде мемлекеттік, қоғамдық және тұлғалық мүдделерді қамтамасыз ету;

сапалы құқықтық білім алуды қолжетімді ету;

қазақстандық отан сүйгіштікке, толеранттылыққа,жоғары мәдениетпен адам құқықтарымен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу; мемлекеттік тілдің дамуы;

отандық дәстүр, дүниежүзілік тәжірибеге және тұрақты даму қағидаларына сай білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту;

кредиттік білім беру технологиясы негізінде бакалавр мамандарын дайындаудың толық моделін  құру.

 

Түлектің кәсіби қызметінің аясы:

 

5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің бағыты болып, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның және заңды тұлғалардың құқық саласы аясында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады.  

Түлектің кәсіби қызметінің объектісі:

Түлектің кәсіби қызметінің объектісі болып табылады:

-құқық қорғау органы;

-соттар;

-мемлекеттік билік және басқару органдарының атқарушы органдары;

-мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар (заң қызметі);

-адвокатура;

-нотариат;

-банктер;

-сақтандыру және аудиторлық компаниялар;

-медиация және арбитраж.

Кәсіби қызметінің пәндері:

 

Алынған фундаментті және мамандандырылған дайындықтың кәсіби қызметік пәндері болып табылады:

-құқықтық нормалар;

-құқықтық маңызы бар оқиғалармен әрекеттер;

-мемлкеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметі аясында туындайтын құқықтық қатынастар;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, тұлғалары және заңды тұлғалары арасында туындайтын құқықтық қатынастар.

 

Оқу жоспарымен және оқу процессі графигіне сәйкес «Құқықтану» кафедрасы кәсіптік сараманды ұйымдастыруда белсенді қатысып келеді. Кафедрада сараманның барлық түрі бойынша (оқу, кәсіби, дипломалды) бағдарламалары бар, олар ҚР міндетті білім беру мемлекеттік стандарты бойынша құрастырылған.

 

Кадрларды дайындау бойынша әріптестік туралы және сараман базасын жасау бойынша Орал қаласы Сот -медециналық сараптамасы, Орал қаласы заңгерлер кеңесімен, Орал қаласы пробация қызметімен, БҚО Әділет департаментімен, Орал қаласы ішкі істер басқармасымен, БҚО адвокаттар коллегиясымен, БҚО ішкі істер Департаментімен шарт жасалды.

 

2015 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникаиялық жүйелер университетімен Батыс-Қазақстан облысы сот Әкімшілігімен әріптестік туралы Меморандум жасалды.

Бұл Меморандум «Қазақстан Республикасы құқықтық саясат концепциясы» тапсырмаларымен қағидаларын нақты іске асыру аясында жасалған болатын, өз кезегінде мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуына және оның интелектуалдық потенциалын дамытуға және жаңа форматтағы заңгер мамандарын дайындауға мүмкіндік береді. Осы меморандум аясында құқықтану кафедрасының студенттері БҚО соттарында сараманнан өтуге мүмкіндіктері бар.

2017 жылы БҚО аймақтық жеке сот орындаушылар палатасымен әріптестік туралы меморандум жасалған болатын. Ол өз кезегінде құқықтану кафедрасы студенттеріне атқарушы орган жүйесінде сараманнан өтуге мүмкіндік береді.

Ғылыми-іздестіру жұмыстары құқықтану кафедрасы жұмысының маңызды бағыттары болып табылады.Кафедраның ғалымдары қазақстандық және шетелдік маңызды ғылыми журналдарында мақалаларын шығаруда: «БҚО Инженерлік білім және ғылым жаңалықтары», «Procedia social and behavioral SciencesCY-ICER», «Аймақтық және ғаламдық экономика ғылыми институты», «Экономика және меншікті басқару»,   «East European Scientific Journal Wschodnioeuropejskie Czasopismo Naukowe», «European Social Science Journal», «Самара муниципалды бавсқару институты жаршысы», «Life Science Journal», «Indian Joornal of Science and Technology». Мәскеу Мемлекеттік облыстық университеті жаршысы, Санкт-петербор мемлкеттік мәдениет және өнер университеті жаршысы.

 

2015-2017 жж.,зерттеуі бойынша 184 ғылыми мақала жарияланған, оның 55 шетелдік журналдармен конферения материалдары жинактарында. 5 мақала Қазақстан және Ресей сілтеме жасау базасындағы импакт-фактор журналында, 13 мақала ThomsonReuters, Scopus халықаралық журналдарында.

 

 Кафедрада студенттердің ғылыми жұмыстарына маңызды орын беріледі. Кафедрада «XXI ғасыр Заңгері» атты ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Ғылыми кружок студентердің белсенді ғылыми қызмет етуіне әсер етеді және талантты студенттерді анықтауға жәрдемдеседі. Студенттік үйірме мүшелері қалалық, республикалық ғылыми конференция, конкурстар және олимпиядаларға белсенді қатысып отырады.

 

«Терроризммен күресу жағдайында адам құқығын қорғау» атты  дебаттық жарыстың қорытындысы бойынша «Облыстық дебат жарысының үздік спикері» 1 дәрежелі дипломмен «XXI ғасыр Заңгері» СҒҮ мүшесі 4 курс студенті Шагием Алексей иеленді.

 

СҒҮ мүшелері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігі БҚО Департаментімен және «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің бірігуімен «Брейн ринг» зияткерлік ойын ұйымдастырды, онда «XXI ғасыр Заңгері» СҒҮ 1- орынды иеленді.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазақстандық, алыс-жақын шетелдік ғылыми журналдарда, басылымдарда, республикалық және халықаралық теориялық және тәжірибелік конференциялар мен семинарлар жинақтарында жарық көруде. 

 

Теориялық және тәжірибелік ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары оқу процессіне базалық және элективті пәндерді оқытуға белсенді енгізілуде, олар бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасақталды. Профессорлық оқытушылық құрамның дайындаған оқу құралдары, авторлық курстар, арнайы курстары кафедрамен элективтік пән ретінде ұсынылады және жұмыстық оқу жоспарына қосылады.

 

Кафедрада ҚР білім беру стандартына және типтік оқу жоспарына сәйкес дәріс беру және тәжірибелік сабақтар және пәндер бойынша оқу-зерттеу жұмыстарына арналған оқу кабинеттерімен жабдықталған.

 

«Құқықтану» кафедрасында «Инновациялық криминалистикалық орталық» жасақталған, оның негізгі мақсаты студенттердің болашақта еңбекке қатысуы үшін тәжірибелік біліктілігін қалыптастырып және кәсіби білімін жетілдіруге арналған.

 

 «Асхана», «Офис», «Қонақ бөлмесі», «Кафе-бар», «Криминалистика кабинеті», «Сот залы», «Сот сараптамасы кабинеті» криминалистикалық полигон және арнайы аудиториялар базасында оқытушылардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің басшылығымен құрастырылған қылмыс оқиғасы орнында студенттерге теориялық және тәжірибелік білім беріледі.

 

Құқық қорғау органы қызметкерлері ұрлық, тонау, адамға қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Оқиға болған жерді қарау аяқталған соң студенттермен оқытушының қатысуымен жасалған хатамалар мен тергеу әрекеттері бойынша кемшіліктерімен жетістіктерін талдау жүргізіледі. Сонымен қатар студенттер процессуалдық тәжірибе негізін үйренеді, оларда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процесстік қатысуышарының кәсіби біліктілігі қалыптасады.

 

Кафедрада «Заң клиникасы» және «Жалған сөйлеуді анықтау орталығы» жұмыс жасайды. Заң клиникасының мақсаты тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету. Клиникада студенттер өндірістік сараманды өтеді және  клиенттерден мәліметтер алуды, тиісті жауаптар дайындауды, ауызша және жазбаша анықтамалар беруді, сұрақтар бойынша құқықтық талдау жасап баға беруді үйренеді.

 

«Жалған сөйлеуді анықтау орталығы» полиграф көмегімен алынған мәліметттермен студенттерді таныстыруға, мәліметтерді алу сұрақтарының тәртібі туралы, алынған мағлұматтарды талдап тиісті қорытынды шығаруды және оны іс бойынша пайдалануды үйретеді.

 

Басқа жоғары оқу орындары кафедраларымен әріптестік орнату арқылы жұмыс істеу үшін келесі университеттермен келісім шарт жасалды:  «Орынбор Мемлекеттік Аграрлық Университеті», «Биснес және басқару Халықаралық академиясы» (Мәскеу қаласы), «Евразия гуманитарлық институты» (Астана қаласы), «В.Н. Татищев атындағы Волжск университеті» (Тольяти қаласы).

 

 2015-2016, 2016-2017 оқу жылдарына түлектердің жұмысқа орналасуы:

 

«Құқықтану» мамандығының түлектерінің 72 % тұрақты жұмыс орнымен қамтылған, 65% Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік мекемелереде қызмет етеді.