Білім мен тәжірибенің байланысын нығайта отырып: Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының Басқармасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылу шарасы

{picturewrapper}{/picturewrapper}

2025 жылғы 17 қараша күні Орал қаласында “Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті”  ғылыми-білім кешені мен «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға ресми түрде қол қойылды.

Құжатқа университет ректоры Әліби Науханұлы Баяхов пен Басқарма басшысы Болат Тілеуғабылұлы Мешелов қол қойды.

Меморандум экономика, статистика, деректерді басқару және өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярлаудың сапасын арттыруға, стратегиялық серіктестіктің негізін қалауға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті: 

— университеттің студенттері мен магистранттары үшін Басқарма базасында оқу және өндірістік тәжірибе ұйымдастыру; 

— мамандыққа бағдарлау кездесулері, кәсіби қауымдастық өкілдерімен диалог алаңдары, жұмыс берушілермен кездесулер мен вакансиялар көрмесі сияқты кәсіби шаралар өткізу; 

— білім беру бағдарламаларын жаңарту мен жетілдіруге ықпал ететін ақпараттық және әдістемелік материалдармен алмасу; 

— түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету, соның ішінде аймақтық еңбек нарығында кәсіби біліктіліктердің қажеттілігін бақылау мен талдау арқылы.

Меморандумға қол қою — жоғары білім жүйесі мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болып табылады. Бұл үдеріс студенттердің қазіргі заманғы диджиталдық және аналитикалық экономика талаптарына сәйкес практикалық, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тараптар бұл серіктестік жас мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, аймақта статистикалық және аналитикалық жұмыстардың сапасын арттыруға және мемлекеттік басқару саласына білікті, ынталы кадрларды тартуға үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

Ақсерік Әйтімовке “Парасат” ордені табысталды

{picturewrapper}{/picturewrapper}

Бүгін Президенттің жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик Ақсерік Сарыұлы Әйтімовке Қазақстанның аса көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Бақтықожа Салахатдинұлы Президентіміздің атынан «Парасат» орденін табыстады.

БҚО Әділет департаменті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өңіріміздің ЖОО-ның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» БББ білім алушылары арасында құқықтық мәдениетті және зияткерлік меншік туралы білімдерін ар

{picturewrapper}{/picturewrapper}

 

БҚО Әділет департаменті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өңіріміздің ЖОО-ның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» БББ білім алушылары арасында құқықтық мәдениетті және зияткерлік меншік туралы білімдерін арттыру мақсатында интеллектуалдық ойын оздырылды.
Шарада университетіміздің «Құқықтану» мамандығының 2-ші курс білім алушыларынан құралған «Ақпарат сақшылары» командасы өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, «Үздік құқықтық команда» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, 50 000 теңге сыйақыға ие болды.
Университетіміздің «Құқықтану» кафедрасына команданы дайындап, қолдау білдіргені үшін БҚО Әділет департаментінің басшысы А.А.Тасыбаева ханымның Алғыс хаты табысталды.
Команда құрамына және жетекшісі «Құқықтану» кафедарсының аға оқытушысы, з.ғ.м. Джуламанов Сабыржан Сериковичке алғыс айтамыз. «КазИИТУ - Юрфак – Алға!!!

«Жастар жасыл сана мен тұрақты дамуды қалыптастырады» атты Орталық Азияның халықаралық студенттік экофорум

{picturewrapper}{/picturewrapper}

Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері 2025 жылдың 11 қарашасында онлайн форматта өткен «Жастар жасыл сана мен тұрақты дамуды қалыптастырады» атты Орталық Азияның халықаралық студенттік экофорумына қатысты. Форумның басты ұйымдастырушысы — И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті болды. Іс-шара Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін біріктірді. Форумның негізгі бағыты — Орталық Азия жастарының экологиялық мәдениеті мен жасыл санасын қалыптастыру, тұрақты даму саласындағы ғылыми идеялар мен үздік тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ Green Campus және UI GreenMetric бастамалары аясында аймақ жоғары оқу орындарының желілік әріптестігін дамыту болды.

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

{picturewrapper}{/picturewrapper}

 

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

«Парасат» қоғамдық бірлестігінің дінтанушы маманы Набигалиев Мұратхан Мұхитұлы студенттерге дәстүрлі құндылықтарды сақтау, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жайында өз ойларымен бөлісті.

💬 Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, мазалаған тақырыптар бойынша жан-жақты жауап алды.