”КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар қарастырылып, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту, жастарға тәрбие мен патриоттық құндылықтарды сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқу орнының өкілдері Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
Created: 09 Қыркүйек 2025
19