15.09.2025ж. күні университетімізде күндізгі бөлімнің барлық мамандықтары бойынша 4-ші курс студенттерімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсаловтың «Жастарға мүмкіндік» атты кездесу шарасы оздырылды.
Университетіміздің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада сөз алған Мұрат Сейілбекұлы еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының мәні мен маңызы, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, қарастырылған жеңілдіктер және «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің оқу бағдарламасы туралы кеңінен тоқталды.
Университет тарапынан Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Д.К.Ахметжан қонақтарға Университет басшылығы атынан алғысын білдіріп, шараның мән, маңызына тоқталып, тақырып бойынша өз тілегін жеткізді. Студенттер мемлекеттік қызмет туралы қызығушылығын білдіріп, өз сұрақтарына жуап алды.
Аталған шара мақсатына жетіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен университетіміз арасындағы жұмыс бағытын жетілдірді.
Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі
Created: 15 Қыркүйек 2025
19