25- қазан Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» тақырыбында студенттер арасында дөңгелек үстел
{picturewrapper}{/picturewrapper} Бүгін 21 қазан күні Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде, 25- қазан Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» тақырыбында студенттер арасында дөңгелек үстел өз мақсатына сай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Студенттердің тарихи деректерге сүйене отырып, Абай ілімін егемен еліміздің рухани дамуымен байланыстыра талдауы қуантады. Баяндамалардан жастардың елдік мәселелерге бейжай қарамайтыны, ұлттық құндылықтарға деген құрметі айқын байқалды. Абайдың «Толық адам» концепциясы, Алаш идеясы, цифрлық даму мен азаматтық белсенділік тақырыптарының қамтылуы – бүгінгі жастардың жан-жақты көзқарасын көрсетеді.Осындай шаралар – студенттердің патриоттық рухын көтеріп, таным көкжиегін кеңейтетін маңызды алаң. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғыс айтамын. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы...
2025-10-22 Толығырақ
