Барлық жаңалықтар >>

Соңғы жаңалықтар

БҚО Әділет департаменті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өңіріміздің ЖОО-ның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» БББ білім алушылары арасында құқықтық мәдениетті және зияткерлік меншік туралы білімдерін ар

{picturewrapper}{/picturewrapper}   БҚО Әділет департаменті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өңіріміздің ЖОО-ның «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» БББ білім алушылары арасында құқықтық мәдениетті және зияткерлік меншік туралы білімдерін арттыру мақсатында интеллектуалдық ойын оздырылды. Шарада университетіміздің «Құқықтану» мамандығының 2-ші курс білім алушыларынан құралған «Ақпарат сақшылары» командасы өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп, «Үздік құқықтық команда» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, 50 000 теңге сыйақыға ие болды.Университетіміздің «Құқықтану» кафедрасына команданы дайындап, қолдау білдіргені үшін БҚО Әділет департаментінің басшысы А.А.Тасыбаева ханымның Алғыс хаты табысталды. Команда құрамына және жетекшісі «Құқықтану» кафедарсының аға оқытушысы, з.ғ.м. Джуламанов Сабыржан Сериковичке алғыс айтамыз. «КазИИТУ - Юрфак – Алға!!!...

Толығырақ

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі

{picturewrapper}{/picturewrapper}   Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. «Парасат» қоғамдық бірлестігінің дінтанушы маманы Набигалиев Мұратхан Мұхитұлы студенттерге дәстүрлі құндылықтарды сақтау, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жайында өз ойларымен бөлісті. 💬 Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, мазалаған тақырыптар бойынша жан-жақты жауап алды....

Толығырақ

Университет базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар өтті

{picturewrapper}{/picturewrapper}   Университет базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар өтті Бүгін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты – арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар және топ кураторлары қатысты.Семинарда сөз сөйлегендер:🔹 «Жаңару» қозғалысы БҚО филиалының директоры – Ақсерік Сарыұлы Әйтімов🔹Орал қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің ҚҚБ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна; 🔹 Орал қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Хайрушев Аділет Ерболатұлы. 💡Семинар барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу жолдары, жастардың құқықтық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттыру тетіктері, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің әдістері түсіндірілді.Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды....

Толығырақ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өңіріміздің ЖОО студенттерін "Жаңа талап" мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау шарасы

{picturewrapper}{/picturewrapper}   Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінде өңіріміздің ЖОО студенттерін "Жаңа талап" мемлекеттік қызмет мектебіне қабылдау шарасы өтті. Шараны департамент басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсалов мырза ашып, Еліміздегі мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Университетіміздің "Құқықтану" және "Жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығының жоғары курс студенттері "Жаңа талап" мектебінің тыңдаушысы болып қабылданды. Сонымен қатар, "Құқықтану" мамандығының 3-ші курс студенттері "Ашық есік" күніне қатысып, департаменттің қызметімен танысты. Студенттерімізге сәттілік тілей отырып, болашақта еліне адал қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер қатарынан көрінетіндеріне сенімдіміз!Университет базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар өтті Бүгін Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» атты оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты – арнайы есепте тұрған жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері, ювеналды полиция қызметкерлері, психологтар және топ кураторлары қатысты.Семинарда сөз сөйлегендер:🔹 «Жаңару» қозғалысы БҚО филиалының директоры – Ақсерік Сарыұлы Әйтімов🔹Орал қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің ҚҚБ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна; 🔹 Орал қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Хайрушев Аділет Ерболатұлы. 💡Семинар барысында қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу жолдары, жастардың құқықтық тәрбиесі мен жауапкершілігін арттыру тетіктері, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізудің әдістері түсіндірілді.Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды....

Толығырақ

«Құрмет» ордені

{picturewrapper}{/picturewrapper}   Құрметті Әліби Науханұлы!Сізді еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы — «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!Бұл марапат – Сіздің көпжылдық еңбегіңіздің, ерен ұйымдастырушылық қабілетіңіздің және білім мен ғылым саласындағы абыройлы қызметіңіздің лайықты бағалануы.Сіз өзіңіздің кәсіби біліміңізбен, бастамашылдығыңызбен, табандылығыңызбен және заманауи көзқарасыңызбен еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына зор үлес қосып келесіз.Сіздің жетекшілігіңізбен университетіміз инновациялық даму жолына түсіп, жаңа биіктерді бағындыруда. Ұжым Сіздің үлгіңізбен алға ұмтылып, білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда табысты еңбек етіп келеді.Құрметті Әліби Науханұлы!Бұл марапат – Сіздің ел игілігі жолындағы еңбегіңіздің, табандылығыңыз бен азаматтық ұстанымыңыздың айқын дәлелі.Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!Еңбегіңіздің жемісі мол болып, табысыңыз еселене берсін!...

Толығырақ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСЕТІН БІЛІКТІ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ.

{picturewrapper}{/picturewrapper}   08.10.2025ж. күні Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті «Құқықтану» кафедрасының қолдауымен университетімізде Экономикалық тергеу қызметінің оқу кабинетінің ашылу салтанаты оздырылды. Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында студенттерді практикалық даярлау, студенттерге сотқа дейінгі тергеу әдістемесін, заңсыз кірістерді анықтау тәсілдерін, сондай-ақ қаржы-экономикалық саладағы қылмыстарды тергеу ерекшеліктерін зерделеуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, университетіміздің микробіліктілік (микроквалификация) бағдарламасы аясында болашақ экономикалық тергеу мамандарын даярлау мақсатын көздеген іс шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеу қызметінің полковнигі Әбенов Асқар Ғабиденұлы, орынбасары Кенжебаев Жандос Садықұлы және Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.Шара барысында Экономикалық тергеу қызметінің оқу кабинеті салтанатты түрде ашылды. Университетіміздің ректоры ұжым атынан қонақтарға ризашылығын білдіріп, шараның мән-мағынасына тоқталды. Әрі қарай сөз сөйлеген Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Әбенов Асқар Ғабиденұлы және орынбасары Кенжебаев Жандос Садықұлы шараның мақсатын атап өтіп, Университет басшылығына қолдау білдіргені үшін зор алғысын білдірді. Мұндай оқу кабинетінің облысымызда ЖОО ішінде алғаш рет ашылып жатқандығын айтты. Университетіміздің оқу-ісі жөніндегі проректоры А.М.Аймаганбетова университетіміздің микробіліктілік (микроквалификация) бағдарламасы аясында болашақ экономикалық тергеу мамандарын даярлаудың маңыздылығына тоқталып, аталған департамент қызметкерлері мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесе оқыту үшін дайындалған бағдарлама дайындалғанын атап өтті. Сөз алған «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Д.А.Журинов бірлесе жұмыс жүргізетіндігін жеткізіп, қонақтарға зор ықыласын білдірді. Студенттер тақырып бойынша қонақтарға сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Жиын соңында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Әбенов Асқар Ғабиденұлы мен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы өзара серіктестік және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Қатысушылар естелік суретке түсіп, қуанышты көңіл күйде тарасты. «Құқықтану» кафедрасы...

Толығырақ

«Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы инженерлік ғылым мен білімнің даму мәселелері мен болашағы»

{picturewrapper}{/picturewrapper}  «Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы инженерлік ғылым мен білімнің даму мәселелері мен болашағы» тақырыбындағыXVII Халықаралық ғылыми НАДИРОВ ОҚУЛАРЫНЫҢ пленарлық отырысы2025 жылдың 10 қазаны, Орал қаласы. 2025 жылдың 10 қазанында «Атамекен» мәдениет сарайының Үлкен концерт залында XVII Халықаралық ғылыми НАДИРОВ ОҚУЛАРЫНЫҢ пленарлық отырысы өтті. Шара Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик Әйтімов Ақсерік Сарыұлының 75 жылдық мерейтойына арналды. Ғылыми конференцияға Ақсерік Сарыұлы Әйтімовтің өзі модераторлық етіп, ауқымды форумға қатысушыларды жылы лебізімен қарсы алып, сәттілік тіледі. Конференцияның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында инженерлік кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ инновациялық технологияларын дамыту мен игеру үшін тиімді диалог алаңын құру. Конференцияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық университеттер ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстаннан және шетелден ғалымдар, докторанттар, магистранттар, аспиранттар, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен колледждердің оқытушылары, мектеп, лицей, гимназия мұғалімдері, жас зерттеушілер мен студенттер, қоғам қайраткерлері, атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері, сондай-ақ жетекші бизнес өкілдері қатысты. Конференция қатысушыларына құттықтау сөз мемлекет және қоғам қайраткері, Жоғары білім мен ғылымның ірі ұйымдастырушысы, ҚР Ұлттық инженерлік академияның Президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Түркі әлемі Математиктері қоғамының (TWMS) Президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов сөйледі. Одан кейін сөз кезегі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевке берілді. Дегенмен, оның орнына облыс әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі мен Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан құттықтау сөздерді оқып, құттықтау сөз сөйледі. Келесі сөз кезегі химия ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, «Мұнай және газ» журналы редакциялық алқасының мүшесі, Халықаралық инженерлік академиясының академигі (Алматы қаласы) Ариф Нәдірұлы Надировке берілді.Құттықтау сөзін Әзірбайжан қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, Әзірбайжан Қарулы Күштері Бас штабы Бас операциялық басқармасының бастығы генерал-майор Эльбрус Оруджев жасады. Өз сөзінде генерал-майор қонаққа шақырғаны үшін алғыс айтып, мәртебелі мейманды мерейтойымен жылы лебізімен құттықтады. Құттықтау сөздерден кейін конференция өз жұмысын бастады. Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы «Разработка прогнозно-поисковой ГИС для выделения рудоперспективных объектов методами искусственного интеллекта» тақырыбында, Шункеев Куанышбек Шункеевич «Жобаланған физика-химиялық және люминесцентті қасиеттерге ие болатын сілтілі галоидты қосындылар негізінде сцинтилляциялық кристалдарды өсіру технологиясын дамыту(жасау)» тақырыбында, Қарымсақов Тимур Сәдуақасұлы «Цифровизация интегрированного газохимического комплекса КРІ Inc.» тақырыбында, сондай-ақ, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Баяхов Әліби Науханұлы «Ғылым мен білім: Цифрлық технологиялардың даму жағдайындағы ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалының Жастар қанаты» тақырыптарында баяндама жасады.Пленарлық мәжіліс облыс пен еліміздің ғылыми және білім өміріндегі айтулы оқиғаға айналған және ғылыми ынтымақтастық пен конструктивті пікір алмасу жағдайында өтті. Конференция жұмысын секциялық отырыстар форматында жалғастырды....

Толығырақ

25- қазан Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» тақырыбында студенттер арасында дөңгелек үстел

{picturewrapper}{/picturewrapper} Бүгін 21 қазан күні Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде, 25- қазан Республика күніне және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Егемендік және Абай мұрасы: рухани сабақтастық» тақырыбында студенттер арасында дөңгелек үстел өз мақсатына сай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Студенттердің тарихи деректерге сүйене отырып, Абай ілімін егемен еліміздің рухани дамуымен байланыстыра талдауы қуантады. Баяндамалардан жастардың елдік мәселелерге бейжай қарамайтыны, ұлттық құндылықтарға деген құрметі айқын байқалды. Абайдың «Толық адам» концепциясы, Алаш идеясы, цифрлық даму мен азаматтық белсенділік тақырыптарының қамтылуы – бүгінгі жастардың жан-жақты көзқарасын көрсетеді.Осындай шаралар – студенттердің патриоттық рухын көтеріп, таным көкжиегін кеңейтетін маңызды алаң. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғыс айтамын. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы...

Толығырақ

Болашақ прокурор кеңістігі - игі бастама!

{picturewrapper}{/picturewrapper} 2025 жылдың 20 қыркүйек күні “ Заң және тәртіп” қағидасы аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бастамасымен Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті базасында “Болашақ прокурор кеңістігі “ ашылды. Бұл – еліміз бойынша “Құқықтану” білім бағдарламасын оқытатын жоғары оқу орындары арасында 11-ші болып ашылған бұрыштама. Шараға Бас прокуратураның кадрлық жұмыс департаментінің басқарма бастығы Е.З.Уәли, БҚО прокурорының м.а. Д.Б.Умаргалиев, БҚО прокурорының орынбасары А.Ә.Сәтбаев, БҚО прокуратурасының аппарат басшысы Е.Рахымжанұлы, БҚО прокурорының аға көмекшісі Ж.Ө.Иманғалиева, БҚО прокуратурасының топ басшысы Д.Е.Нұрсұлтанова, Орал қаласының прокуроры М.Е. Изимов және университетіміздің құрылтайшысы, профессор А.С.Әйтімов, ректор А.Н.Баяхов, ректорат мүшелері, оқытушы- профессорлық құрамы және студенттер қатынасты. “Болашақ прокурор кеңістігі” тақырыбы бойынша ашылған бұрыштамада Қазақстан Республикасының прокуратура қызметінің жүйесі, республикамыздың барлық облыстарының прокуратурасының құрлымы, қызметі, жетістіктері, прокуратура қызметін реттейтін құқықтық актілері, Бас прокуратураның нұсқаулықтары, прокуратура саласында қызмет атқаратын ғалымдардың монографиялары, диссертациялық жұмыстары, қадағалау актілерінің құрлымдық тәртібі бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, ғылыми әдебиеттер мен пәндік оқулықтар, республикамызда шығарылатын құқықтық журналдар және де прокурордың қызметтік формасы орналасқан.    ...

Толығырақ

Денсаулық күні

{picturewrapper}{/picturewrapper} 🏅 QAZIITU ғылыми-білім кешені «Денсаулық күні» аясында студенттер үшін кең көлемді спорттық шара ұйымдастырды. Мақсат – жастардың белсенді өмір салтын қолдау, спортқа қызығушылығын арттыру және ұжымдық рухты нығайту болды.🤾‍♂️ Шара барысында студенттер арқан тартыс, гір көтеру, көңілді эстафета және түрлі жүгіріс сайыстарына қатысып, өз күш-қуаты мен шыдамдылығын көрсетті.👩‍🦰 Қыздар арасында – 500 м, 👨‍🦱 жігіттер арасында – 1000 м қашықтыққа жүгіру ерекше тартысты өтті.📊 Жалпы командалық есеп:🥉 орын — @rvtk_07🥈 орын — @qaziitu_life «Техникалық пәндер» кафедрасы🥇 орын — @digital_college🤝 Бұл шара студенттердің ұйымшылдығын, достық қарым-қатынасын арттырып, салауатты өмір салтының маңызын айқындай түсті.  ...

Толығырақ

Мұрат Сейілбекұлы Байсаловтың «Жастарға мүмкіндік» атты кездесу

{picturewrapper}{/picturewrapper} 15.09.2025ж. күні университетімізде күндізгі бөлімнің барлық мамандықтары бойынша 4-ші курс студенттерімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсаловтың «Жастарға мүмкіндік» атты кездесу шарасы оздырылды.Университетіміздің Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада сөз алған Мұрат Сейілбекұлы еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының мәні мен маңызы, жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, қарастырылған жеңілдіктер және «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің оқу бағдарламасы туралы кеңінен тоқталды.Университет тарапынан Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Д.К.Ахметжан қонақтарға Университет басшылығы атынан алғысын білдіріп, шараның мән, маңызына тоқталып, тақырып бойынша өз тілегін жеткізді. Студенттер мемлекеттік қызмет туралы қызығушылығын білдіріп, өз сұрақтарына жуап алды.Аталған шара мақсатына жетіп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен университетіміз арасындағы жұмыс бағытын жетілдірді. Мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі...

Толығырақ

”КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты.

”КазИИТУ” ғылыми-білім кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен қызметкерлер қатысты.Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған негізгі басымдықтар қарастырылып, білім беру жүйесін жетілдіру, ғылым мен инновацияны дамыту, жастарға тәрбие мен патриоттық құндылықтарды сіңіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Оқу орнының өкілдері Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді....

Толығырақ

КазИИТУ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ!

{picturewrapper}{/picturewrapper} КазИИТУ – ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚАДАМ БАСТЫ! 🎉1 қыркүйек күні «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «БІЛІМ. ҒЫЛЫМ. ИННОВАЦИЯ» атты салтанатты шара өтті.📌 Шарада құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жас ұрпаққа сәттілік тіледі.✨ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.🎶 Керемет әндер мен би нөмірлері шараға ерекше рух сыйлады.Жаңа оқу жылы жаңашылдыққа, табысқа және ұмытылмас сәттерге толы болсын! 🚀...

Толығырақ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІҢ КЕПІЛІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел

{picturewrapper}{/picturewrapper} “КазИИТУ” ғылыми - білім кешенінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН БЕЙБІТШІЛІКТІҢ КЕПІЛІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі, ел бірлігі мен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының даналық ойларына сүйене отырып, әділеттілік пен тұрақтылықтың ұлт болашағы үшін маңызын атап өтті.Дөңгелек үстел пікір алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді....

Толығырақ

Центр карьеры и трудоустройства

План работы 2024-2025 учебный год План работы 2023-2024 учебный год   Мероприятия:  Отчёт о встрече с представителями Уральского филиала РГП на ПХВ «Казаэронавигация» Еңбек жолы Труд как ценность и преемственность поколений МОЛОДЕЖНАЯ ПРАКТИКА условия, возможности, опыт Ярмарка Вакансий - 2023 год В рамках Социального кодекса Республики Казахстан выпускникам Казахстанского университета инновационных и телекоммуникационных систем оказываются следующие меры содействия занятости ГУ «Управление цифровых технологий ЗКО» Встреча студентов с представителями правоохранительных органов ЗКО ,возможности трудоустройства и требования к кандидатам в сфере IT-технологий и кибербезопасности День мужества Вечная память и гордость Казахстана. Экскурсия по воинской части 5517-знакомство с современной военной техникой Знакомство с передовыми практиками в IT-сфере и менеджменте Инновационное сотрудничество для подготовки специалистов нового поколения визит представителей КазУИиТС в АО Западно-Казахстанская машиностроительная компания Погружение в будущее связи Экскурсия в Уральский филиал АО «Jusan Mobile как шаг к профессиональному совершенству» Принципы интеграции КазУИиТС и предприятий западного региона Взаимный интерес Экскурсия на Уральский трансформаторный завод как дуальная форма обучения и инновации в производстве меняют образовательный процесс Университета Платформа возможностей в Год рабочих профессий   Объявления:  АО «Западно-Казахстанская машиностроительная компания» объявление Ярмарка вакансий 15.04.2025     Анкеты: АНКЕТА ДЛЯ ВЫПУСКНИКОВ ВУЗА Оценка практики глазами обучающегося Анкетирование для работодателей   Отчеты: Аналитический отчет по практическому семинару- Актуализация образовательных программ Университета в рамках образовательного партнерства Аналитический отчет о реализации подготовительного этапа по внедрению модели дуального обучения Оценка удовлетворенности социальных партнеров подготовкой обучающихся Казахстанского университета инновационных и телекоммуникационных систем в рамках профессиональной практики 2023-2024 Оценка эффективности производственной практики и уровня удовлетворенности обучающихся в Казахстанском университете инновационных и телекоммуникационных систем  ...

Толығырақ

КІТАПХАНА / БЛОГТАР

Ректор блогы

Баяхов Әлиби Науханұлы

Блогке өту >>
Президент блогы

Айтимов Ақсерік Сарыевич

Блогке өту >>

Виртуалды қабылдау комиссиясы

«ҚазИТУ» барлық сұрақтарыңызға ZOOM платформасында жауап береді

Конференция идентификаторы 254 121 26 50

Код 090000

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 10:00-ден 17:00-ге дейін үзіліспен 13:00 - 14:00

Онлайн анықтамалар

Студенттерге онлайн қызмет көрсету орталығы

Шағымдар мен ұсыныстар

Инстаграмға өту >>

Біздің инстаграм

Фоторепортаж