QAZIITU мен Шэньян инженерлік университеті арасындағы ынтымақтастық
2026 жылғы 10 маусымда Шэньян инженерлік университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы халықаралық академиялық әріптестікті дамытудың жаңа парағын ашты. Меморандумға қол қою білім, ғылым және инновация саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, сондай-ақ тәжірибе мен озық технологиялармен алмасуға келісті. Меморандум жасасу жоғары білікті мамандарды даярлау, ғылыми әлеуетті дамыту және екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. {picturewrapper}{/picturewrapper}...
2026-06-10 Толығырақ
