«Қоғамдық - гуманитарлық пәндер» кафедрасы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы
«Қоғамдық - гуманитарлық пәндер» кафедрасы Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының атқарылуы туралы
Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты ғылыми-техникалық және мәдени-прогресті практикалық қызметте қолдануда шығармашылық аса қабілетті жоғары білімді мамандарды даярлау және тәрбиелеу сапасын көтеру, олардың әрқайсысының дербес оқу-тану қызметтерін дамыту болып табылады.
Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері – студенттердің даярлық деңгейін ескеріп, оларды әртүрлі шығармашылық қызметтерге дифференциялды тарту.
Оқу уақытынан тыс орындалатын студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары мына түрлерде орындалады:
- студенттік ғылыми үйірмелеріндегі, студенттік конструкторлық бюроларындағы, ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы жұмыс;
- мембюджеттік немесе шаруашылық келісім тақырыптарды орындауға студенттік топтардың немесе дердес түрде, шығармашылық қауымдастық жөніндегі жұмыстарға және кафедрада орындалатын ұстаздардың жеке жоспарларын жасауға қатысу;
- көрмелерге, конференцияларға, симпозумдергеқатысу.
Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері
№ |
Ғылыми үйірменің атауы |
Кафедра |
Жетекші |
Студенттер саны |
1. |
Сөз құдіреті |
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы |
Неталиева Д.К
|
20 |
2. |
Эрудит |
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы |
Хайрова Ш.Б. |
21 |
3. |
Englishclub |
Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы |
Тургалиева Э.М. |
18 |
Кафедра оқытушыларыныңстуденттермен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары
2019-2020 оқужылында «Қоғамдық-гуманитарлықпәндер» кафедрасыныңоқытушыларыстуденттерменғылыми-зерттеужұмыстарықарқындыдамыды.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның көкейкесті мәселелерін шешуге тарту, студенттердің білім және ғылым байланыстарын дамытуға көмектесу – мамандар даярлаудағы негізгі мақсат болып табылады.Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың әлеуетін ғылымның және техниканың түрлі көкейкесті мәселелерін шешуге пайдалануға мүмкіндік береді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру және әрі қарай магистратурада оқитын талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының премьер–министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" үкіметтің қаулысына қол қойып, сол қаулыға сәйкес, «ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір есігін ашқан күні, яғни 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді.Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тілдер күнімен қоса тойланатыны - қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болып отыр. Біздің «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде 16-20 қыркүйек аралығында жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Елбасымыздың 2019 - «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тіл – ұлт тұтастығының тұғыры» атты мерекелік шара оздырылды. Бұл - біздің «КазИИТУ» ғылыми-кешенінде жыл өткен сайын жаңарып, жыл өткен сайын жаңғырып келе жатқан дәстүрлі мереке.Тілдер мерекесінің соңғы күні Тілдер фестивалімен жалғасып, біздің «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы, «Аударма ісі» мамандығының студенттері түрік халқының салт-дәстүрін сипаттап, жүлделі 3-орынды жеңіп алды.
7-8 қазан аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаасы және Жастар жылы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Ресей халқының ұлы ақыны Александр Пушкиннің 220 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Абай Құнанбаев пен А.С.Пушкин – Еуразия халықтарының тілін, мәдениетін және ұлттық бірегейлігін ұлықтаушылар мен дәріптеушілер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция оздырылды. Конференция екі бөлімнен: пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрды. Секциялық бөлімде «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылар құрамы студенттермен бірігіп, мақалалар оқуға басшылық етті.«Аударма ісі» мамандығының аға оқытушылары Тюляпова Гульнара Дүйсембайқызының басшылығымен «Аударма ісі» мамандығының 141-топ студенті Кушумов Дауреннің «Воспитательные возможности творческого последия А.С.Пушкина» мақаласы мен Атаева Асылым Кажбайқызының басшылығымен «Аударма ісі» мамандығының 242-топ студенті Андиреев Мұраттың «Современные нравственные качества казахов в свете произведений Абая Кунанбаева» атты мақаласы, тарих пәнінің оқытушысы Сұлтан Алғазының басшылығымен «Қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенті Кушкенбаев Рахаттың «Абай Құнанбайұлы – халық даналығы» мақаласы, тарих пәнінің оқытушысы Байдеуова Әсемнің басшылығымен «Аударма ісі» мамандығының 242-топ студенті Кенжебаева Арайдың «Великий поэт- просветитель Абай Кунанбаев и его историческая роль» мақаласы, философия пәнінің оқытушысы Алхамова Лаззат Казбековнаның басшылығымен «Есеп және аудит» мамандығының 142-топ студенті Ипатова Игіліктің «Абай – ұлы даланың дана ойшылы» мақаласы, орыс тілі пәнінің оқытушысы Тлесова Динара Талгатовнаның басшылығымен «Құқықтану» мамандығының студенті Кадыралиев Ажмұраттың «Знчение творчества А.Кунанбаева в жизни современной казахстанской молодежи» мақаласы, Хамзина Бағдагүл Темірхановнаның басшылығымен«Аударма ісі» мамандығының 142-топ студенті Заиров Иманның «Abay and Pushkin as Workers of the National Revival» мақаласы, ағылшын пәнінің оқытушысыТургалиева Эльмира Маликовнаның«Аударма ісі» мамандығының 242-топ студенті Болатқызы Ақеркенің «The spiritual harmony of poets» мақалалары жарияланды.
Университетіміздің жанынан ай сайын шығарылатын «ҚазИИТУ» ақпараттық, танымдық, ғылыми – әдістемелік басылымында желтоқсан айында ең көп тәжірибелі аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрлері Гумарова Жанат Сагингалиевнаның ғылыми жетекшілігімен «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенті Ихсанов Ғабит пен «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының студенті Талғатова Айдананың «Мәдени серуен» атты мақаласы №13 (176) 31 желтоқсан 2019 ж.) жарияланды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлаудың деңгейін көтеру және әрі қарай магистратурада оқитын талантты жастарды анықтау, университеттің педагогикалық кадрларын толықтыру болып табылады.
2019 жылы «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің «Инженерлік ғылым, жастар және ғарыш - Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастығы негізінде инновациялық даму факторлары ретінде» атты магистранттар мен студенттердің ғылыми конференция жинағына кафедрамыздың ардагер ұстазы Кенисариева Зияда Темировнаның жетекшілігімен«Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Коңырбаева А. « Западно-Казахстанская область ближний тыл Сталинградского фронта» атты мақаласы жарық көрді.
2020 жылдың 5 наурызайындакафедрамыздыңағаоқытушыларыМ.Ж.Хасанова, Г.У. КазкенованыңұйымдастыруыменұлтымыздыңұлыақыныАбай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай әлеміне саяхат» атты ғылыми-танымдық кеш оздырылды. Абайдың шығармашылық әлемін өз ана тілімізде еркін сөйлете білген «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттері Кушумов Данияр, Утегенова Айнара, «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Диланов Мадияр «Алғыс хаттармен» марапатталды.
2020 жылдың 4 сәуірінде Нұр-сұлтан қаласында «НАУКА И ОБРАЗОВАНИЕ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: ВЫЗОВЫ ХХI века» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға кафедрамыздың аға оқытушы Атаева Асылым Кажбаеваның жетекшілігімен «Аударма ісі» мамандығының1курс студенті Андрей Нұрхан Оразғалиұлының «Американская литература во второй половине XXI века» атты мақаласы және аға оқытушы Тюляпова Гульнара Дуйсембаевнаның жетекшілігіменДаулеткалиева Назым Акановна «Аударма ісі» мамандығының 3 курс студенті«Юджин О'нил и Максим Горький: Американская и Русская драма начала XX века» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.
2020 жылдың5 мамырындаАбай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – Хакім Абай» атты «ЗУМ» бағдарламасымен (Идентификатор коды:464-685-8797) ғылыми-онлайн республикалық конференцияға оздырылды. Модератор ретінде п.ғ.м., аға оқытушы М.Ж. Хасанова жүргізіп отырды.Экономика факультетінің 1 курс студенттері Жетебай Асылзат Абай Құнанбаевтың «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»өлеңін және Әбжан Нұрсұлтан би «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқыса, «Аударма ісі» мамандығының студенттері Жұма Іңкар Абайдың 21 қара сөзін, Ақерке Болатқызы Абайдың 45 қара сөзі (орыс тілінде),Кереева Аягүл Абайдың 6 қара сөзі мен «Абайға арнау» атты Абайға арнаған өз туындысын паш етті.Техника факультетінің студенті Ғаббас Серік Абай Құнанбаевтың «Ерекше естен кетпес қызық қайда?» өлеңін, Дизайн мамандығының 1 курс студенті Бигалиев Дамир Абайдың 32 қара сөзі (орыс тілінде) оқыды.«Аударма ісі» мамандығының студенті Заиров Иман «Abay is the greatest poet» атты ағылшын тілінде баяндама жасады.
2020 жылдың 6 мамырында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 115 жылдығына арналған «Ұлы даланың дана перзенті – Әбу-Насыр Әл-Фараби» атты ғылыми-онлайн республикалық конференциясында кафедрамыздың аға оқытушысы Алхамова Лаззат Қазбекқызының жетекшілік етуімен Жетебай Асылзат «Әл-Фараби әлемі» атты баяндамасын оқыса, п.ғ.м., аға оқытушы Гумарова Жанат Сағынгалиқызының жетекшілігімен «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студентіДиланов Мадияр "О языке и культуре речи в трудах Аль-Фараби" атты баяндамажасады. П.ғ.м., аға оқытушы Гумарова Жанат Сағынгалиқызының жетекшілігімен Алматы қаласында өткен халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай және XXI ғасырдағы QAZAQSTAN" атты қашықтан ғылыми республикалық байқауға қатынасып, 1 орын алды.
2020 жылдың 28 маусымында Нұрсұлтан қаласында«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер, инновациялар» атты II Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына «Аударма ісі» мамандығының 1курс студентіРадостева Анна қатынасып, 2 орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Кафедрамыздың ардагер ұстазы Кенесариева Зияда Темировна.
- Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер»кафедасында бес түрлі ғылыми-зерттеу үйірмелері жұмыс жасайды. Әр үйірменің жұмыс жоспарлары, жұмыс кестелері құрылған. Өз алдына мақсат-міндеттері айқындалған.
«Сөз құдіреті» студенттік үйірмесінің жетекшісі п.ғ.м. аға оқытушы Казкенова Гүлжамал Өтепқалиқызы жетекшілік етеді.Биыл да Студенттік үйірме өз қатарын 1 курс студенттерімен толықты. Клуб мүшелігіне әдебиетке жақын, шебер сөйлеуге дағдыланғысы келген студенттер жазылды.
Кафедраның қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы ерекшелігін ескере отырып, студенттердің тәрбиелік белсенділігін арттыру мақсатында түрлі дөңгелек үстелдер, әдеби-сазды кештер, әңгіме сағаттары өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шараларға университеттің бес факультетінің студенттері тартылды.
14 қараша күні Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты Фариза оқуларында қалалық колледждер мен ЖОО студенттері арасынада 2 орынды Алмас Айнұр жеңіп алды.Жетекшісі: Казкенова Гүлжамал Өтепқалиқызы. Фариза Оңғарсынованың «Мен сонда жылап қалғам» атты өлеңін нақышына келтіре оқып, қазылар алқасының жүрегіне жол таба білді.
6 мамыркүні Әбу Насыр Әл-Фарабидіің 115 жылдығына арналған «Ұлы даланың дана перзенті – Әбу-Насыр әл-Фараби» атты ғылыми онлайн-конференциясында Жетебай Асылзат «Әл-Фараби әлемі» атты баяндамасын оқыды.Жетекшісі: Алхамова Л.К.
Кафедрамызда "Эрудит" зияткерлік студенттік үйірмесі де жұмыс істейді. «Эрудит» зияткерлік студенттік үйірмесінің құрамына АУ -142, Э – 142, ГМУ-142, ПД – 142, Д-152, К-142, БЖД-142, ЗУ-142 топтарының студенттері кіреді.
"Эрудит" үйірмесінің жұмысы оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Осы оқу жылында біздің студенттер университет қабырғасында өткізілетін түрлі іс-шараларға белсенді қатысты.
7-8 қазанда Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Абай Құнанбаев және А.С. Пушкин - Еуразия халықтарының тілін, мәдениетін және ұлттық ерекшелігін жасаушылар мен сақтаушылар, сонымен қатар шығармашылық және педагогикалық шеберханалардың жұмысы: «А. Құнанбаев пен А.С. Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы, этикалық философиясы және рухани-адамгершілік тәжірибесі. Пушкин Қазақстан мен Ресей жастарының адамгершілік-этикалық тәрбиесінің заманауи мәселелерін шешуде »және «Орыс классиктерін өзінің көркемдік бейнесі арқылы эмоционалды-бейнелі қабылдау».
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға және шығармашылық және педагогикалық шеберханаларға қатысқаны үшін «ҚГП» кафедрасының оқытушыларына сертификаттар табысталды.
"Стартап на миллиард "аса өзекті мәселе бойынша семинарды өткізу Хьюстон университеті (АҚШ), облыстық білім беру бөлімі (БҚО) және НОК КазИИТУ ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты - жас ұрпаққа кәсіпкерлік технологиясындағы табысқа жету ықтималдығы мен ауқымын арттыруға көмектесу. Бизнесте табыс формуласы жоқ, дұрыс шешім табу тәжірибесі мен табысты адамдар бар. Ең жарқын, табысты сериялық кәсіпкерлердің бірі венчурлық 500 Startup қорының профессоры Тимур Даутпота болып табылады. Т. Даутпоттың қалыптасу кезеңдерін егжей-тегжейлі талдап, табысты компанияны қалай құру керектігі туралы ұсыныстар берді.
4 күнге созылған қарқынды жұмыс ми шабуылы, кері байланыс, тест идеялары, өзіндік жұмыс болды және «FeelHome», «Sundrop», «Funty», «Firstaidbracelet», «Lovefounders», «GSchelps» командалары үшін сәтті аяқталды. Командалық жұмыс әр студентке мамандық таңдауда табысты анықтауға көмектеседі.
"Қоғамдық-гуманитарлық пәндер" кафедрасында "English club " зияткерлік студенттік үйірмесі де жұмыс істейді. «English club» зияткерлік студенттік клубының құрамына Ю-142, Э – 142, ПД – 142, Д-152, Ю-242, БЖД-142 топтарының студенттері кіреді.
" English club " үйірмесінің жұмысы оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.2019-2020 оқу жылында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында үйірме студенттерімен туған өлкенің тарихымен байланысты іс-шаралар өткізілді.Үйірменің барлық сабақтары оқылатын материалды терең меңгеруге, сөздік қорын жақсартуға, тілді дамытуға, сондай-ақ тілді құрметтеуге, туған өлке мен Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етті.
1 семестр бойы "English club" үйірмесінің мүшелері кафедра мен университет ұйымдастырған көптеген іс-шараларға белсенді қатысты.
" English club " студенттік үйірмесінің мүшелерімен семестр бойы келесі іс-шаралар өткізілді:
26 қыркүйекте үйірме мүшелері Ю-142 тобының студенттеріне ашық сабақ өткізілді, осы үйірменің мүшесі Габдулов Руслан өзін белсенді көрсетіп оқытушылар тарапынан мақтауға ие болды.
26 қазанда үйірме мүшелері "ҚГП" кафедрасының оқытушысы Тургалиева Э.Мжетекшілігімен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, археология, Жайық қалашығының пайда болу тарихы, Қазақ хандығының және Бөкей Ордасының тарихы және т. б. залдарында орналасқан БҚО тарихымен, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозицияларымен танысты.Мұражайға саяхат өте қызықты өтті.
Ю-142 тобының студенті Жолболдиев Жумабек ҚазИжТУ кітапханасында өз баяндамасын ағылшын тілінде оқып алғыс хат алды.
19 қараша Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Хьюстон университетінің түлектері ,профессорлар Тимур Дауд Под және Сергей Петров академиялық әріптестерімен бірлескен жастар арасында Халықаралық Стартап жобасына «English Club» үйірмесінің студенттері белсене қатысты.Соның ішінде Іңкәр Жұма (ПД-142)өз жобасын ағылшын тілінде қорғап шықты.
Алғашында танысу яғни интервью түрінде өтті,содан кейінгі күндері студенттер жобаға дайындалып, топ құрып жобаларын қорғады.
Дайындық барысындв профессор Т.Даутпод өзі студенттермен бірлесіп жұмыс жасады.
Тұңғыш Президент күніне орай "ҚГП" кафедрасы "Тәуелсіздік ел тірегі – білімді ұрпақ" атты дөңгелек үстел өткізген болатын, осы шарада 9п-32 тобының студенті, үйірме мүшесі Жансапиева Аружан “Nazarbayev is the Worl Diplomat” тақырыбына және Ю-142 студенті, үйірме мүшесі Габдулов Руслан “Astana is the main city”тақырыбына баяндамалар жасап, алғыс хаттармен марапатталды.
Жоспарға сай 04.11.2019ж. студенттер «Travelling» тақырыбына әртүрлі Мемлекеттерге онлайн саяхат жасап, эссе жазды.
«Аударма ісі» мамандығының студенті Диланов Мадияр «Орыс тілі пәнінен халықаралық олимпиадаға» қатысып І орын иеленді. Жетекшісі. Гумарова Жаннат Сагынгалиевна.