Создано: 10 декабря 2020
2106

Газета КАЗИИТУ

 

 ХАСАНОВА МЕЙРАМГҮЛ ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

«КазИИТУ» газетінің бас редакторы, педагогика ғылымдарының магистрі

 

«КазИИТУ» газетінің тарихы:

Құрылған жылы: 2008

«КазИИТУ» газеті – «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің төл басылымы.

«КазИИТУ» газеті 2008 жылдан бері шығып келеді. Негізгі бағыты – «КазИИТУ» ғылыми-білім кешеніне кіретін – Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі, Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі, «Андас» оқу орталығы жөніндегі ақпараттар мен  мәдени-көпшілік орындарында және факультеттерінде өтіп жатқан басты-басты жаңалықтармен, оқу-әдістемелік жұмыстарына арналған әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары атқарылып жатқан іс-әрекеттермен оқу-орын қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер қауымын таныстырып отыруға бағытталған.

Газеттің ең басты мақсаты – университеттегі қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді ғылыми, қоғамдық, мәдени жаңалықтармен, факультеттерде өткен шаралармен, жаңа оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, монографиялармен, сонымен қатар студенттің мамандық игерудегі жаңа көркем шығармашылықтағы табыстарымен таныстыру. Сонымен қатар университеттегі жазуға бейімі бар студенттердің шығармашылығын арттыру.

Басылымда жастарға арналған «Рух», «Жалын», «Кафедра», «Алаштан қалған асыл сөз», «Тұғыр», т.б. айдарлар аясында қалам ұстаған студенттердің шығармашылығы жарияланып отырады. Сонымен қатар «КазИИТУ ханзадасы мен ханшайымы», «КазИИТУ  жұлдызы»,  «КазИИТУ аруы» , «Жігіт сұлтаны», « Цифрлық Қазақстан ханшайымы» деген өзгеше айдарлар жұмыс істейді. Онда университеттің үздік студенттерінің ғылым мен білімдегі, спорттағы, қоғамдық жұмыстардағы жеткен жетістіктері баяндалады.

 

Редактордың орынбасары: Кәусар Байғалиева

Дизайнері: Арайлым Тлепбергенова

 

 

Тілі: қазақша, орысша, ағылшынша

Шығу жиілігі: айына 2 рет

Көлемі: 8 бет

Негізгі тақырыптық бағыты: ақпараттық-танымдық, ғылыми-әдістемелік

Басылым түрі: газет

Басылым форматы: А3

Таралу аумағы: Батыс Қазақстан облысы

Тиражы: 500 

Редакция мекен-жайы: 090000,Орал қ., М.Маметова көшесі, 81, Әкімшілік ғимараты.Тел: 545884

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Инстаграм парақшасы: @kaziitu_gazeta

www.facebook.com: Казииту Газеті