Created: 10 Ақпан 2019
1282

Студенттерді марапаттау

 

  

 


Қарашаның 7-сі күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай ЭКО-141 студенті Джумагалиева Томирис жүзуден жарысқа қатысты.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шараларға орай «Ұлттық валюта күнін» атап өту барысында МЕББМ «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» «Экономика және менеджмент» кафедрасының арнайы апталығы аясында қарашаның 17-сі күні «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағаты өтті. Студенттер теңгенің шығу тарихына слайд дайындап, өз ойларымен бөлісті. Жүлделі І орынға ие болған ең үздік топ және топ тәлімгері дипломымен марапатталды. 


2016 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараларға орай «Ұлттық валюта күнін» атап өту барысында МЕББМ  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті  «Экономика және менеджмент» кафедрасының арнайы апталығы аясында «Не? Қайда? Қашан?» тақырыбындағы студенттік интеллектуалдық ойынға ЭКО-141 тобы қатысып, «Жасыл әлем» тобы жүлделі 3-ші орынға ие болып, диплом берілді.


«Дизайн» кафедрасы 2017 жылдың 17-21 сәуірі аралығында кафедраның апталығын өткізді. «Көктемгі-2017» байқауының аясында БЖД 142 тобының студенті Айнұр Биханова 2 орын алды.