Created: 12 Қантар 2024
90

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

 

Тәрбие жұмысының мақсаты әр-бір білім алушының қабілетін дамыту, рухани бай, еркін, дені сау тұлғаның шығармашылық ой қабілетін және жаңа өмір жағдайына бейімденуін қалаптастыру.

Білім алушыларды жоғарғы оқу орнының қоғамдық өміріне тарту бұл оларды ұжымда жұмыс жасауға, біріккен шешімдер қабылдауға, өзіне және өзінің жұмысына жауапты қарауға үйретеді.

Оқу жылының басында факультет білім алушыларына арналған тәрбие жұмысының жоспары кафедра отырысында бекітілді. Тәрбие жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Университет ішінде өткізілген шараларға барлық топ білім алушылары белсенділікпен қатысуда. Кафедра бойынша білім алушылардың ата- аналарымен кездесулерді тіркеу журналы бекітілді.

 «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі М.А.Мекин, тәрбие істері және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор З.К.Испандияров және «Экономика және менеджмент» кафедрасының эдвайзері С.О.Кажгалиева қатысып, білім алушыларды құттықтаумен жыл басталды.

Биылғы оқу жылына  «Экономика және менеджмент» кафедрасында үйірмелер ұйымдастырылған. «Жас экономист» жетекшісі А.К.Ғабдолкәрім, "Жас қаржыгер" жетекшісі М.М.Джаишев, "Үздік мемлекеттік қызметкер" жетекшісі А.С.Нурманалиева. Білім алушыларға мемлекеттік қызметтің, экономиканың басты бағыттарын, негізгі қағидаларын түсіндіруге негізделген. Бұл үйірмелер білім алушылардың жан- жақты дамуына қосымша ақпарат алуға, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.  

             «Экономика және менеджмент» кафедрасының барлық топтарында тәрбие жұмысы бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізеді.

«Дін, қоғам, халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында «Экономика және менеджмент» кафедрасында куратор С.Т.Исагалиев өз тобында, яғни «Бухгалтерлік есеп және аудит» және «Қаржы және несие» ББ бағдарламалары бойынша оқитын 3 курс білім алушылары арасында кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сабаққа барлық білім алушылар белсене қатысты.

 «Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің» нормативтік құжаттарымен таныстыру: білім алушылар білімін бағалау және бақылау туралы ереже, білім алушылардың өзіндік жұмысы туралы ереже, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі, элективті пәндердің каталогы, қорытынды бақылауды өткізу тәртібі, аппеляциялық арыз, оқудың кредиттік жүйесі туралы түсінік, студенттік кодекс, кураторлар туралы ереже, еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелері және т.б. ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарымен, университеттің  ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. 

«Экономика және менеджмент» кафедрасында сонымен бірге ашық сабақтар ұйымдастырылып тұрады. «Қазақстан болашағы біздің қолымызда» атты ашық сабақ пікірталас негізінде өткізген болатын. Ашық сабақта білім алушылар өз ойларын ашық ортаға салып, белсене қатысты. Ашық сабақтың мақсаты теріс ағымдардың қоғамға тигізер кері әсерін білім алушыларға жеткізу.       Еңбекке баулу  бағыт бойынша  жоспарланған шара өткізілді. Осы аталған бағыт бойынша экономика факультетінің барлық курс білім алушыларын «Жасыл ел» бағдарламасына шақырған болатын. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қоршағани орта экологиясын қорғауқа тәрбиелеу, білім алушыларды еңбекке баулу, туған жерінің табиғатын аялауға баулу.