Created: 12 Ақпан 2019
1083

«Қоғамдық гуманитарлық пәндер» кафедрасының даму тарихы


2001 жылы Ақпараттық Технологиялар және Басқару Институтының  Батыс Қазақстан облысы филиалы өңірімізде мамандар дайындауда өз жұмысын бастайды.Сол жылы аталған оқу орнының экономика факультетінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрылған болатын.

Бүгінгі күні аталған кафедра өз алдына қойылған міндеттер бойынша жеке шешім қабылдай алатын, әр түрлі бағыттағы кәсіби мамандарды біріктіріп отырған бірегей, біртұтас, күрделі жүйедегі құрылым болып табылады.

Қоғамдық және гуманитарлық пәндер кафедрасы алғаш университет табалдырығын аттаған болашақ мамандарға теориялық және практикалық деңгейде іргестас қалайды, жұмыста өзіндік стилі, қоршаған орта жайында өзіндік пікірі бар, жан-жақты шығармашылық тұлға қалыптастыруға ат салысады.

Алғашында экономика факультетіне қарасты құрылған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы әр жылдары атауы өзгеріп, Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы болып аталып, кейін өз алдына кафедра болды. Қазіргі таңда Қоғамдық - гумантарлық пәндер кафедрасы болып табылады.

 

Экономика факультетінің әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасына әр жылдары төмендегідей адамдар меңгерушілік етіп, оқу орны мен кафедраның дамуына өз үлестерін қосты:

 2001-2004жж. Амантаева Ботагөз Касымқызы; - п.ғ.к., доцент

 

 2004-2005 жж. Кисметова Галия Нагибудақызы; - п.ғ.к., доцент

 2005-2006 жж. Кенжина Гаухар Болатқызы; - п.ғ.к., доцент

 2006-2008 жж. Ахатова Жанар Нұрлыбайқызы – з.ғ.м., аға оқытушы;

 2008-2009 жж. Уабиева Асима Әліпқалиқызы –  п.ғ.к., доцент;

 2009-2010 жж. Сағын Маржан Қарлыбайқызы – с.ғ.к., доцент;

2010-2012 жж. Казетова Алия Хамидоллақызы – п.ғ.к, аға оқытушы;

2012-2013жж. Хасанова Мейрамгүл Жолдығалиқызы – п.ғ.м., аға оқытушы;

2013-2016 жж. Казетова Алия Хамидоллақызы – п.ғ.к., аға оқытушы.

2016-2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің Қоғамдық  және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып аға оқытушы, з.ғ.м.Тапакова Вилор Башкировна қызмет етіп келеді.

 

 

5B020700«Аударма ісі» мамандығы

 

         Кафедра ашылғаннан бері университет бойынша 5B020700 «Аударма ісі» мамандығына студенттер қабылданып, білім алып келеді.

         Қазіргі аудармашы - бүгінгі таңда халықаралық стандарт бизнес  және нарық қатынастары саласында міндетті  нысанаға айналып отыр. Халықаралық  экономикалық  байланыстардың  дамуы бизнес пен өндіріске  қажетті  басымдылық роль  атқаратын маман ретінде - аудармашы дайындау  қажеттілігін күрт өсірді. Қазіргі аудармашы – күрделі  ғылыми-техникалық, экономикалық және саяси мәселелерде кәсіби еркін жұмыс істей алатын, сан қырлы мамандық өкілі .

5B020700 «Аударма ісі» мамандығын бітірген түлектерге «аударма  ісінің бакалавры»  дәрежесімен жоғары  білім туралы диплом беріледі.Аударма ісі мамандығын бітірген  бакалаврлар  төмендегі  кәсіби  қызметтерді  атқара  алады:

-аудармашылық (әртүрлі  жанрдағы мәтіндер мен  құжаттарды  жазбаша аудару, келісім  сөздерде ,халықаралық кездесулер  мен конференцияларда ауызша  аударма  жасау);

-ұйымдастырушылық (әртурлі  шараларды ұйымдастыру  және   өткізу ,кәсіптік  және  қоғамдық ұйымдар құру);

-өндірістік  басқару;

-ақпараттық –талдау (әлеуметтік-саяси талдау жасау, іскери қатынас қағаздар  ,есеп беру құжаттарын, шолулар, жағдаяттарға  болжаулар жасау, аудармаларды редакциялау);

-ғылыми–зерттеу (практикалық материалдарды жинау, жүйелеу, аударматану және  мәдениет-аралық  қарым қатынас  мәселелері  бойынша  баяндамалар  мен   мақалалар дайындау .

Аударма  ісінің бакалавры  мына  лауазымдарда  қызмет істей  алады:

аудармашы –референт;гид-аудармашы;аударма редакторы.