Created: 12 Ақпан 2019
1665

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» байынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Студенттердің ғылыми жобаларының конкурсы

 

Қала, ЖОО: Орал

 

Орны, жүлде атауы: «Казииту» ғылыми-білім кешенінің студенттері мен оқытушыларына арналған академиялық мобильді оқыту аясында қолданылатын ТІКҰШАҚ

 

Өту мерзімі: 2017ж 

 

Пәні: Аударма ісі

 

Жетекшісі: Тургалиева Э.М.

 

Студент: Утешова Бақытгүл «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті

 

 

Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері

 

Ғылыми үйірменің атауы

Кафедра

Жетекші

Студенттер саны

1.

Сөз құдіреті

 

Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы

Казкенова Г.У.

Рамазанова Г.Е.

  15

2.

Эрудит

 

Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы

Тлесова Д.Т.

Кайбалиев С.Г.

Жангалиев Р.Ж

  18

3.

English club

 

Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы

Атаева А.К. Тургалиева Э.М.

 

  12

4.

Қол күресі және кір тасын көтеру

 

Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы

Кайбалиев С.Г.

 

  17

5.

Волейбол

 

Қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы

 

Омаров Е.Ш.

 

  15

 

  1. Кафедра оқытушыларының студенттермен біріккен ғылыми жобалары

 

2017-2018 оқу жылында «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары студенттермен  ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды дамыды.  Кафедрамыздың оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Тургалиева Эльмира Маликовнаның басшылығымен «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Утешова Бақытгүл ««Казииту» ғылыми-білім кешенінің студенттері мен оқытушыларына арналған академиялық мобильді оқыту аясында қолданылатын ТІКҰШАҚ» атты ғылыми жобамен жұмыстанып келеді. Бұл ғылыми жобаға арнайы үлкен  макет жасалған. Ғылыми жобаның мақсаты: «Аударма ісі» мамандығы студенттеріне академиялық ұтқырлық аясында алыс және жақын шетелдерге барып, тәжірибе алмасу мақсатында ойлап шығарылған тікұшақ. Бұл тікұшақ күн сәулесі арқылы қуат алады, және алған қуаты екі тәулікке жетеді. Ал егер күн жаңбыр немесе тұман болған жағдайда осыған дейін алынған қуатымен ол жол жүре беруге мүмкіндігі бар.

 

Мобильдік ұтқырлық аясында жақын және алыс шетелдерге білім алу және тәжірибе алмасу мақсатын көздеген студенттер мен профессорлық – оқытушы құрамға арналған тікұшақ. Бұл макетті университетіміздің студенттері мен профессорлық – оқытушы құрамына және түрлі колледж басшылары мен қала мектептері басшыларыңа, облыс бойынша әр түрлі сала бойынша департамент, мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшыларыңа   «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті  және «ENGLISH CLUB» клубының мүшесі Утешова Бақытгүл ағылшын және қазақ тілінде таныстырды.

 

Кафедра оқытушыларының студенттермен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары:

 

Ағымдағы оқу жылында жарық көрген Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында түбегейлі жаңа мақсаттар қойып, «білім — ғылым — инновация» ұстанымы  бойынша басты бағыттарды айқындап берді. Ұлт жоспарын жүзеге асыруда жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының студенттермениғылыми-зерттеу жұмысының  деңгейіне ерекше назар аударуды талап етіп отыр. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасында студенттердің ғылыми зерттеу жұмыс жоспарларын құрып, активті қалыптастыру үшін және кафедраның тарих, философия, әлеуметтану және саясаттану, психология және қазақ тілі бағыттары бойынша студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт беру үшін кафедра отырысы өткізілді.

 

2017 жылдың 6 қазан күні  Ж.Молдагалиев атындағы облыстық әмбебап  кітапхананың оқу залында «Мирас» танымдық клубының тұсаукесері  және «ЭКСПО – жаңғырудың қозғаушы күші» атты пікірталас отырысы өтті. Бұл пікірталасқа Ж.Молдағалиев кітапханасыңың оқу залы секторының жетекшісі А.Б.Жұмақаева «Мирас» клубының ережесімен таныстырып өтсе, модератор Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенті Н.Н.Сақтағанов,  аталмыш университетінің тарих пәнінің оқытушысы Құрманғазы Бекболатұлы Қайыржанов комиссия мүшесі ретінде қатысса,  «Ж.Досмұханбетов» атындағы педогогикалық колледжінің студенттері,   ЖОО мұғалімдерімен студентері  және  мен  КАЗИИТУ 1 курс студенті қатысып өз ойларын айтты.  «Аударма ісі» мамандығының 1курс студенті  Қоңырбаева Ақсауле Қанатовна ЭКСПО-ның өткен тарихы мен таныстырып,  көрермен қошеметіне ие болды.  Басқа студентер ЭКСПО туралы өз ойларын айтып, ЭКСПО-ға қатысқан студенттер көргендерін асқан қызығушылықпен айтып жеткізді.

 

8 желтоқсан күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды. Бұл республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кафера оқытушылары түгелдей жұмылдырылып, оқытушылар басшылығымен студенттер тартылды. Соның ішінде: п.ғ.м,. аға оқытушы Гумарова Жанат Сагынгалиеваның жетекшілігімен Аударма ісі -142 тобының студенті Н. Давлеткалиева «Алихан Букейханов – лидер казахского народа»  тақырыбында  баяндама жасаса, аға оқытушы Атаева Асылым Кажбаеваның жетекшілігімен  «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенті Имангалиева Диана Келдіханқызы «Роль Алашординцов в формировании национальной государственности» тақырыбында,  т.ғ.м,. аға оқытушы Габделова Тұрсынғаным  Қарсаққызының басшылығымен «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті Жанас Бейсенғожиннің «Алаш идеясы және қазіргі қоғам» тақырыбында, э.ғ.м,. аға оқытушы Журинов Данияр Асқарұлының басшылығымен «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Е.Нуруллаевтің «Алаш идеясы – қазақ елі арманы» тақырыбында баяндамалары оқылып, Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Кафедрамыздың ең көп тәжірибелі аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жанат Сагынгалиеваның басшылығымен ҚазИИТУ ақпараттық, танымдық, ғылыми – әдістемелік басылымында Автоматтандыру және басқару-142 тобының студенті Б.Ж. Аралбаев «Көненің көзі – ұрпаққа мұра» №13-14 (148-149) 11 қазан 2017 ж.) мақаласы жарияланса, Автоматтандыру және басқару-142 тобының студенті А. Кошанованың «Заманауи архитектура» №17-18 (152-153) 15 қараша        2017 ж.) мақаласы және Аударма ісі - 142 тобының студенті Н.Давлеткалиева «Экскурсия в краеведческий музей» №17-18 (152-153) 15 қараша 2017 ж.) мақалалары жарияланды. Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Казкенова Гүлжамал Утепкалиеваның жетекшілігімен ҚазИИТУ ақпараттық, танымдық, ғылыми – әдістемелік басылымында Автоматтандыру және басқару-142 тобының студенті Аралбаев Батырбек «Ана тілім - байлығым» атты өз туындысын жариялады.

          ҚазИИТУ ақпараттық, танымдық, ғылыми – әдістемелік басылымында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жүзеге асыру бағытында  кафедрамыздың аға оқытушысы, гуманитарлық  ғылымдарының магистрі Рамазанова Гүлнұр Елтаевнаның басшылығымен Аударма ісі-242 топ студенті Утешова Бақытгүл  «Жаңа Жолдаудың ерекшелігі » атты мақаласы жарық көрді.

 

 Студенттік ғылыми-зерттеу үйірмелері:

 

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер»кафедасында бес түрлі ғылыми-зерттеу үйірмелері жұмыс жасайды. Әр үйірменің жұмыс жоспарлары, жұмыс кестелері құрылған. Өз алдына мақсат-міндеттері айқындалған.                            

        «Сөз құдіреті» студенттік клубының жетекшісі п.ғ.м. аға оқытушы Казкенова Гүлжамал Өтепқалиқызы және г.ғ.м. аға оқытушы Рамазанова Гүлнұр Елтайқызы жетекшілік етеді.

 

 

Назым Хикмет «Шығыстың шерлі махаббаты» атты драмалық дастанын тамашалауға студенттік клубтың мүшелері барып қайтты.

Ж.Молдағалиев атындағы Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Шабыт көкжиегінде» атты облыстық жас ақындармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне «Сөз құдіреті» студенттік клубының белсенді мүшелері көрермен ретінде  қатысып, шабыттанып қайтты.

 

 

«КазИИТУ жұлдызы» атты сайыс өткізілді. Сайыста «Мәнерлеп оқу» сайысы бойынша «Сөз құдіреті» студенттік клубтың мүшесі автоматтандыру және басқару мамандығының 1 курс студенті Аралбаев Батырбек өз жанынан шығарған «Қазақ ұлға» атты өлеңін оқып ІІ орынды иемденді.  Осы сайыс бойынша Әбіш Кекілбаевтың  өлеңімен Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1 курс студенті Тобагулов Абусалим жүлделі І орынды иемденді.

 

 

Гагарин атындаға кинотеатрында «ЖАТ АҒЫМҒА АРБАЛҒАНДАР» атты діни бағыттағы деректі фильмді тамашалауға студенттік үйірмемүшелері мен жетекшілері барып қайтты.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті күніне

арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»  атты студент жастардың V республикалық патриоттық форумына қатысып, Аралбаев Батырбек Жұмабергенұлы  сертификатпен марапатталды

 

Кафедрамыздағы үйірмелердің бірі - студенттік зияткерлік клуб "Эрудит" жұмыс  атқарады.  Үйірме жетекшілері болып аға оқытушы Гумарова Ж.С., аға оқытушы Жанғалиев Р.Ж., аға оқытушы, спорт шебері Кайбалиев С. Ж. тағайындалды.

 

 

Эрудит" үйірме мүшелері ақын Қадыр Мырза Әлі орталығындағы кітапханада

 

 

 

 

"Эрудит" және "English club" үйірме мүшелері тарихи-өлкетану мұражайында

 

Студенттердің ағылшын тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «English club» үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл үйірмеге кафедрамыздың оқытушылары, педагогикалық ғылымдардың магистрі Тургалиева Элмира Маликовна және аға оқытушы Атаева Асылым Кажбаевна жетекшілік етеді.

 

 

Қараша айында АҚШ –нан келген BLUE STEEL тобымен болған кездесуге «ENGLISH CLUB» мүшелері барып, олармен сұхбат жүргізіп, әңгіме айтып, бірге фотоға түсіп, шетелдіктермен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Жастар мәдениет үйінде осы топтың концертіңе барып, мәдениетімен де танысып қайтты.

Университеттің барлық мамандықтары үшін ұлдар арасындағы «Волейбол» үйірмесі ұйымдастырылған болатын. Оның жетекшісі магистр, аға оқытушы Омаров Ержан Шаймарданович.

 

 

23-24 қараша күндері  Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған ҚазИжТЖУ ғылыми-білім кешенінің студенттері арасында волейбол жарысы.