Әскери - патриоттық шағын турнир

16.02.24ж. күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 35-жылдығы қарсаңында «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің студенттері арасында Әскери дайындықтан шағын турнир оздырылды.
Турнир жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ету, жылдам, әрі тез ойлану, қимылдау дағдыларын жетілдіру және студенттердің достық қарым – қатынастарын нығайту мақсатында өткізілді.
Турнирге «Ақпараттық – технологиялар мектеп – лицейі», «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжі», «Республикалық жоғары техникалық колледжі», «Құқықтану» , «Экономика және менеджмент», «Жалпы техникалық пәндер», «Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері», «Техникалық пәндер» кафедрасының студенттері қатысты.
Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжінің директоры Дамир Ақсерікұлы он жылға созылған соғысқа 22 мың отандасымыз Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтегенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир уақытқа АК-74 автоматты шашу – жинау, уақытқа ОЗК ( газтұмылдырық-противогаз) кию, тир ату, оқжатарды уақытқа шашу – жинау сайыстарынан тұрды.
Жылдамдыққа, ептілікке бағытталған жарыста жалпыкомандалық есеп бойынша «Ақпараттық – технологиялар мектеп – лицейі» 1 орын, «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжі» 2 орын, ал «Құқықтану» кафедрасы 3 орынға ие болды.

«Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылық құрамының қашықтықтан өткізілген ONLINE пәндік олимпиадаларының және конфренцияларының жетістіктері!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

«Техникалық пәндер» кафедрасының студенттерінің қашықтықтан өткізілген түрлі деңгейдегі ONLINE пәндік олимпиадаларының қортындылары!

 «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың жетінші патриоттық форумы!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық жастар форумы өтті.