Created: 12 Ақпан 2019
1608

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы келесі мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады:

 

Бакалавриат
5В020700 «Аударма ісі»

 

Кафедра миссиясы:

 

  • Зиялы ұлт қалыптастыруға ықпал ететін, елдің және аймақтың индустриялды-инновациялық және тұрақты дамуын қамтамасыз етуде бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау.

 

Кафедра міндеттері:

 

  • гуманитарлық және әлеуметтік пәндерді оқытудың мазмұнын және әдістерін жаңарту; 

 

  • инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізу,
    оқу модульдерін әзірлеу;

 

  • кафедраның даму әлеуетін барынша пайдалану;

 

  • кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру барысында кафедраның мүмкіндігін дамыту;

 

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары:

 

  • білім берудің барлық нысандарырының студенттері мен тыңдаушыларымен оқу жұмысы; 

 

  • студенттермен тәрбие және аудиториядан тыс жұмысы;

 

  • әдістемелік жұмыс;

 

  • «Аударма ісі» бағыты бойынша курстық және қорытынды жұмыстарды дайындау;

 

  • кафедраның тәртіптік және пәнаралық мамандандыруды одан әрі тереңдету;

 

  • ғылыми-зерттеу жұмысы;

 

  • студенттер мен аспиранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру;

 

  • кафедраның пәндері бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау және басып шығару;

 

Кафедраның даму стратегиясы:

 

  • кафедраның пәндері бойынша академиялық жұмысты жетілдіру туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік құрылымдармен және университеттермен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;

 

  • бакалавриат студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау;

 

  • кафедраның пәндері бойынша ғылыми жарияланымдарды дайындау, кафедраның оқу-инновациялық бағдарламаларының ғылыми компонентін қалыптастыру; 

 

  • инновациялық кіші тәртіптік бағдарламаларды әзірлеу, бағдарламалар құрылысының құрылымдық-логикалық схемаларына бағдарлау;

 

  • модульдік бағдарламаларды қалыптастыру;

 

  • кафедраның пәндері бойынша мәтіндер жинақтарын (оқырмандарын) дайындау;

 

  • бакалавриат студенттеріне білім берудің жаңа формаларын дайындау;

 

  • инновациялық технологияларды қолдану, оқу үрдісіне студенттің қатысуымен интерактивті оқыту әдістерін енгізу;

 

  • ғылыми-практикалық, әдістемелік семинарларды студенттердің қатысуымен өткізу;

 

  • «Эрудит», «English club», «Сөз құдіреті» клубтарының және  спорт секциялырының жұмысын жетілдіру;

 

  • кафедра оқытушыларының оқу жүктемесін оңтайландыру.

 

Кафедра құрамы:

 

Кафедраның барлық  пәндерін оқытуда білікті 34 оқытушы, оның ішінде 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты және 14 магистрі  қамтамасыз етілген.  Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға белсенді қатысады, жыл сайын ғылыми журналдарда және жинақтарда ғылыми мақалаларын жариялайды. Кафедрада тәрбие жұмысына да зор көңіл бөлінеді. Кафедрада барлық курс студенттерінің қатысуымен түрлі семинарлар, конкурстар өткізіледі. Қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасы университет жанында  өткізілетін барлық іс-шараларына белсене қатысады. Кураторлар Кеңесімен, Жастар ісі бойынша кеңесімен бірлесіп, кафедра студенттердің құқықтық, адамгершілік тәрбиесі,  «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау бойынша жұмыс жүргізеді. ҚГП кафедрасының ПОҚ оқу үрдісі шеңберінде үнемі тәрбие жұмысын (салауатты өмір салты мәселелері, темекі шегу мен алкогольдің  адам ағзасына жойқын әсері, үлкенге құрмет көрсету, қоғамдық мінез-құлық нормалары, басқа діндерге, этностарға қатысты төзімділік мәселелері туралы т.б. талқылаулар  жүргізіліп отырады.
 
ҚГП кафедрасындағы кураторлық жұмыстарға  А.Қ. Атаева, Э.М. Тургалиева  жауапты. 

Студентерді  мәдени және адамгершілік тәрбиелеу мақсатында, олармен  мұражайға, драма және музыкалық театрларына және тағы басқа да қаламыздың ең көрнекті орындарына саяхаттар  ұйымдастырылады.