Created: 10 Ақпан 2019
848

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің даму және қалыптасу тарихы

 

Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігін Жайық өзенін бойлай Батыс Қазақстан облысының аумағы алып жатыр. Облыс солтүстігінде Орынбор және Самарамен, солтүстік-батысында Саратов, батысында Волгоград, оңтүстігінде – Астрахан Ресей Федерациясы облыстарымен шектескен. БҚО шығысында Ақтөбе облысымен, ал оңтүстігінде Атырау облысымен шектескен.

 

Облыс аумағының ауданы 151,2 мың шаршы километрді құрайды, халық саны – 623 мың адам. Облыс құрамына 12 аудан кіреді.

 

БҚО экономикасында мұнайгаз өндіретін, қайта өңдеу, өндірістің машина құрылысы салалары айрықша орын алады. Мұнай мен газды тасымалдау салаланған жүйесі бар.

 

Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының ұзақтығы 1128км, ал жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ұзақтығы – 5353км.

 

Батыс Қазақстан облысының географиялық орналасу ерекшелігі көптеген табиғи су айдындарының, өзендерінің, күрделі гидротехникалық құрылысты су қоймаларының, әскери полигондардың, Қарашығанақ мүнайгазконденсат кен орны, инженерлік құрылыспен газмұнайөнімдері құбырларының салаланған желісінің, химиялық қауіпті өнеркәсіптік кешендері өндірісінің, Балаков атомэлектростансасымен көршілес орналасуы болып табылады. Барлық осы факторлар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ұшырауына алып келеді.

 

Осындай жағдайда үлкен жауапкершілік төтенше жағдайларды жою мен алдын алу, тіршілікті қамтамасыз ету бағытындағы қауіпсіздікке жауап беретін мемлекеттік органдарға артылған. Бірінші кезекте – бұл халыққа алғаш көмекке келетін құрамына түрлі авариялық әрекет ету қызметтері енетін Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Облыстың, ауданның қай жерінде болмасын, су тасқыны, өрт немесе техногендік апат болмасын кәсіби қызметінің басты мағынасы ең алдымен адам өмірін құтқару болып табылатын адамдар – БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері көмекке келуге асығады. «жол бермеу» және «құтқару» сөздері тек жай ғана ұран емес, құтқарушының күнделікті өміріндегі қалыпты жағдай іспеттес. Ержүректілік, ерлік, адам өмірін арашалауда өзін құрбан етуге дайындық –ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелерінде қызмет атқаратын барлық тұлғаларды ерекшелейтін қасиеттер.

 

Күні бүгінде БҚО Төтенше жағдайлар департаменті құрамында – Өрт сөндіру қызметі, Жедел құтқару жасағы, Өртті мемлекеттік бақылау басқармасы, Азаматтық қорғаныс басқармасы бар. Барлық бұл ведомстволар бұрынырақ өздігінен қызмет атқарған, қазірде Департамент алдына қойылған міндеттерді толықтай көлемде атқаруға мүмкіндік беретін аумақтық тұтастыра біріктірілген.

 

Орал өңірінің гарнизоны өзінің ұзақ та даңқты тарихымен мақтан тұтуға лайықты. Тек біздің өлкемізде ғана өрттен қорғау қайнар көздері бастау алған, мұнда отты апатпен күресуде өрт сөндірушілерінің батырлық жанпидалығын көрсететін өз еншісінде бір емес бірнеше шынайы ТЖ туындау қаупі бар аса ірі мұнай мен газ кен орындары орналасқан. Орал облыстық суда құтқару қызметі жүздеген суға шомылушылардың өмірін құтқарған көптеген қызметкерлердің есімдерін есте сақтайды, ал облыс АҚ жүйесін дамыту мен халықты оқыту көптеген жылдар қатыстылығында жетекші бағыттардың бірі болып табылады.

 

Департаменттің құрылу тарихы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларды жоюға қатысу алуға жұмылдырылған барлық қызмет тарихымен тығыз етене байланысты.

 

Мұның бәрі бірден пайда болған жоқ, ғасырлар мен он жылдық тарих тұрғысында қажырлы еңбек етудің, қателіктер мен олқылықтарды жөндеуде күнбе күн қарыштап алға жылжи жүзеге асырылған адамдардың жұмылдырылған күш-жігері мен техниканың арқасында құрылған еді.