Created: 20 Ақпан 2021
6293

«Ноосфера және қоғам, табиғат өзгерістері жағдайындағы Қазақстан мен Ресей қатынастырының тұрақты дамуы» онлайн конференция

image 

 

17.02.2021ж. КазИИТУ ғылыми-білім кешенінде Ресей Федерациясы ғалымдарымен біріккен «Ноосфера және қоғам, табиғат өзгерістері жағдайындағы Қазақстан мен Ресей қатынастырының тұрақты дамуы» тақырыбындағы онлайн-конференция оздырылды. Бұл конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының Ресей Ғылым Академиясының География институты, Мемлекеттік Думаның Білім және ғылым Комитеті жанындағы аймақтық және муниципалды ғылымды дамыту жөніндегі сараптамалық кеңесі, Өркениеттер диалогы ашық университеті, РҒА Федералды ғылыми-зерттеу социологиялық орталығының әлеуметтану институты, Еділ мемлекеттік басқару және тамақ технологиялары институты, РФ Президенті жанындағы Волгоград мемлекеттік қызмет академиясы, және "Әлеуметтік технологиялар және гуманитарлық ғылымдар" кафедрасының профессор-ғалымдары қатынасып, қолдау көрсетті.

 

Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университетінің филиалы., Волга мемлекеттік басқару және тамақ технологиялары институтының директоры, п.ғ.к., доцент Терехова Анна Александровна мен РФ Мемлекеттік Думасының ғылым және білім Комитетінің сараптамалық кеңесінің мүшесі, академиялық серіктес, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Орлова Людмила Викторовна кіріспе сөз сөйлеп, өз тілектерін білдірді.

Онлайн-конференцияда РҒА География Институтының жетекші ғылыми қызметкері, Халықаралық болашақты зерттеу академиясының толық мүшесі, профессор, география ғылымдарының докторы Кочуров Борис Иванович «Ноосферная конвергенция и развивающаяся устойчивость России и Казахстана в меняющихся условиях природы и общества» тақырыбында, ҚазИТУ ректоры, профессор, РҒА шетел академигі Баяхов Әліби Науханұлы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті: Жаһандану жағдайындағы білім және ғылым» тақырыбында, ал Мемлекеттік Думаның Білім және ғылым Комитеті жанындағы аймақтық және муниципалды ғылымды дамыту жөніндегі Сараптамалық кеңестің жауапты хатшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент Харченко Константин Владимирович «Ресей мен Қазақстан өңірлерінің кеңістіктік дамуы: нысаналы бағдарлар және әлеуметтік технологиялар» тақырыбында, РФ Президенті жанындағы Волгоград мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, РФ Мемлекеттік Думасының ғылым және білім Комитетінің сараптама кеңесінің мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Субочев Николай Сергеевич «Адам әлеуетінің даму индексі қоғамның орнықты даму факторы ретінде» тақырыбында, ал Бейбітшілік Нобель сыйлығына үш рет ұсынылған Өркениеттер диалогы ашық университетінің президенті, РАҚ Академигі, Әріптестік және Өркениеттер диалогы теориясы мен стратегиясы бойынша 23 кітаптың авторы, философия ғылымдарының докторы Сухейл Фарах "Пленарлық отырысқа қатысушылардың Ресей мен Қазақстанның қазіргі жағдайдағы тұрақты даму мәселелері бойынша сөйлеген сөздерін талдау және сараптамалық бағалау» тақырыбында баяндамалар оқылып, екі ел ғалымдары арасында қызу талқыланды.

 

 

image

image

image