Created: 24 Ақпан 2021
1154

Онлайн семинар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ұйымдастырған шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Тарихшылары Конгресінің төрағасы Ерлан Сыдықов және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры, академик, Досмұхамбет Кішібекұлы, Халықаралық Түркі академиясының Президенті, академик Дархан Қыдырәлі қатысып, сөз сөйледі.

Бұл аталмыш семинар-кеңеске «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оға ақытушылары Зияда Кенисариева, Ләззәт Алхамова, Әсемгүл Байдеуова, Қайыржанов Құрманғазы қатынасып, ел тарихындағы маңызды және қызықты ақпараттармен қанықты.Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белді-белді ғалымдар әріптестеріне тарихи қоғамдастықтың аса шоғырлануы қажет екенін, іргелі ғылыми еңбек жазу ісіне әркім өз үлесін қосу қажет екенін айтты.

Ерлан Сыдықов өзінің кіріспе сөзінде биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы екенін еске ала отырып, Тәуелсіздікті нығайтудың басты да ең маңызды жолдарына тоқталды.Тарихи сананы қалыптастыру қажеттігін алға тарта отырып, осы тұрғыда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәріне қымбат» атты мақаласында бұл мәселелерге нақты баға беріліп, тапсырма жүктегенін жеткізді. «Тарихты тарихшылар жазу керек» деген Президент сөзі, әрине, бізді, тарихшыларды қатты қуантады, бірақ оның жауапкершілігін де ұмытпауымыз керек» деді Ерлан Бәтташұлы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың сөзін лайықты орындай отырып, жаңа академиялық жұмысты жоғары сапада дайындап, шығара алатынымызға сенімді екендерін жеткізді.

Конференцияда белгілі атақты ғалымдар, оның ішінде есімі Қазақстанның және одан тыс жерлердің археологиялық орталарында жақсы белгілі, Қазақстанның тарихнамасына зор еңбегі сіңген, тарих ғылымының көшбасшысы Зайберт Виктор Федорович сөз сөйледі.

Республикалық методологиялық онлайн семинар-кеңеске қатынасқан әрбір ғалым іргелі ғылыми еңбек жазуға өз идеяларын енгізетін болды.

Тәуелсіз даму өткенді мұқият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай мүмкін емес. Сондықтан да, тарихшы ғалымдар бүгінгі ұлттымыз бен мемлекетіміздің тарихи бастауларына айрықша назар аудару қажет екенін еске салды.

 

image

image