Кафедраның тәрбие жұмыстары


Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама университет алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы студенттерге білім берумен қатар, тәрбие жұмыстарын  да жүргізді. Елбасының әр жылғы Жолдауларында жастарға көп көңіл бөлінген. Сондықтан, қоғам талабына сай сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу алға қойылған үлкен  мақсат. Тәрбие жұмыстары жыл сайын  төмендегідей 8 бағытбойынша жүзеге асырылды. - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі,  еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие, көпмәдениетті көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты сынды бағытта белсенді жұмыс атқарып келеді. Барлық осы бағыттар тығыз өзара байланысты,  бірін-бірі толықтырады және негіздейді. Жүйелі әдістеріне сәйкес кафедраның тәрбие жұмысы оқу және оқудан тыс қызметтері бірлікте жүзеге асырылады,. Кафедрада оқудан тыс тәрбие жұмыстары барлық ПОҚ арқылы жүргізіледі, студенттердің шығармашылық үйірмелер «Сөз құдіреті», «Эрудит», «English club» оған қоса университеттің дәстүрлі іс-шаралар мен кездесулер, сондай-ақ халықаралық, республикалық, аймақтық және жоғары оқу орны бар атаулы күндерге және оқиғаларға арналған іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

 

Кафедрада студенттерді рухани, патриоттық және азаматтық тәрбиеге ерекше маңыздылығы және көңілі беріледі, бұл кафедраның тәрбие жұмысы жоспарында көрсетіліп және студенттердің нақты іс-әрекет түрлерінде ұсынылды, оның ішінде:

 

  • студенттердің рухани-адамгершілік және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Дін және дәстүр», «Діни экстремизм және олармен күрес», «Туған жер», «Мен өз елімнің патриотымын», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі», «Терроризм қоғамға қауіпті» және т.б.;
  • студенттердің ұлттық-рухани және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Бүгінгі студент-ертенгі елдің тірегі», «Тұңғыш Президент», «Желтоқсан жаңғырығы», «Наурыз», «Республика күні», «Қала күні» және т.б.;
  • студенттердің экологиялық қызметіне қатысу: «Жасыл Жер», «Таза қала үшін» және т.б.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларға қатысу: «Денсаулық күні», «СПИД-ауруларын алдын алу», «Дені саудың тәні сау» және т.б.;

 

Студенттердің құқықтық тәрбиесі бойынша іс-шараларға қатысу: «Конституция күні», «Білім күні», «Сенің құқығың», «тәртіп бұзушылықты болдырмау» және т.б. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде студенттердің қызметін ынталандыру мәселеліріне ерекше көңіл бөлінеді, оның нәтижелерін бағалауды, бұл көтермелеулер мен марапаттауларды білдіреді. Оқу жылы барысында білім алушылар тәрбиелік белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгіме сағаттары өткізіледі. Ұйымдастырылған іс-шараларға университеттің барлық факультетінің білім алушылары белсене қатысады.

 

 

Әр оқу жылының басында 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай тілдік апталықтар, онкүндіктер өткізу игі дәстүрге айналды. Мереке аясында университетімізде алуан түрлі тәрбиелік, дамытушылық шаралар өткізіледі.

 

Кафедраның дене шынықтыру пәнінің оқытушылары дәстүрге айналған «Денсаулық күніне» орай өткізілетін көңілді старт жарысын ұйымдастырады.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай кафедраның дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен спартакиада ұйымдастырылды.

 

Кафедрада оқудан тыс тәрбие жұмыстары барлық ПОҚ арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар кафедра оқытушыларының жетекшілігімен үш суденттік үйірме  жұмыс істейді. Атап айтсақ  «Сөз құдіреті», «Эрудит», «English club», «Воллейбол». Студенттік үйірмелердің басты мақсаты: студенттердің уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру, үш тілді игеруге көмектесу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

 

Халықаралық студенттер күніне орай өткізілген «Ханзада мен ханшайым» сайысының үміткерлері.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ» атты кураорлық сағат.

«Аударма ісі» мамандығының студенттеріне кураторлық сағаттар өткізіліп отырады

 

Кафедра оқытушылары «Нұр-Отан» партиясына партиялық мүшелікке қабылданды.

 

 

 

 

Кафедраның ғылыми жұмысы

Кафедра оқытушылары қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелер аясында айтарлықтай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары мен мақалалары отандық және шетелдердің басылымдары,  республикалық және халықаралық ғылыми еңбектер жинақтарында кеңінен жарияланады.

 

Кафедра оқытушылардың біліктілігін жоғарылатуға  аса маңызды көңіл аударады. Әр жылы кафедра оқытушылары біліктілігін жоғарылату орталығында әр-түрлі бағытта өткізілетін  курстарын тыңдайды.

 

 

Ағымдағы жылдың 30-31 қазан Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университеті, Түркия Республикасының Гази Университетімен және Түркі тарихы қауымдастығымен біріге отырып,  2 кезеңнен тұратын «Ғасырлар тоғысқандағы Алаш идеялары» атты «Алаш» партиясы мен «Алашорда»  үкіметінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға кафедрамыздың оқытушысы тарих ғылымдарының магистрі Қайыржанов Құрманғазы Бекболатович сырттай қатысып, «Алаш қайраткері Бижанғали Жанқадамов» атты мақаласы конференция жинағында жарық көрді.

 

2017 жылдың 15 қарашада Облыстық қазақ драма театрында «Дін және ұлттық тарих» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға кафедра оқытушылары қатысып, Исагалиев С.Т.  «Экстремизм ұғымы, белгілері мен сипаттары және онымен күрестегі шетел тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасаса, Кайыржанов К.Б. «Батыс өңіріне шоғырланған діни бірлестіктер тарихы» атты баяндама жасады. Кейін аталмыш шараға байланысты конференция жинағында оқытушылардың мақалалары жарық көрді.

 

2017 жылдың 24 қарашасында Астанада қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткен «Алаш қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференцияға КАЗИИТУ ғылыми - білім кешенінің  қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Г.Е. Рамазанова, Т.Қ. Габделова  және Қ.Б.Қайыржанов өз баяндамаларымен қатысып, сертификаттарымен марапатталды. Тарих ғылымдарының магистрлері Г.Е. Рамазанова «Алаш және рухани жаңғыру» атты секция жұмыстарында «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ елі»  және Т.Қ. Габделова «Мәңгілік ел – Тәуелсіздік мұраты», Қайыржанов Қ.Б. «Батыс Алашорда қайраткері Бижан Жанқадамов» атты баяндамаларымен қатысты.

 

Бостандық  жолында құрбан болған  Алаш арыстарының еңбегімен, олардың бастан кешкен қиыншылықтарын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында 2017 жылдың 27 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасының конференция залында  «Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметінің тарихи деректері» атты тақырыптық конференция өтті.  Аталған такырыптық конференция  Алаштың 100 жылдық мерейтой аясында облыс және қала көлемінде өткізілген шараларды қорытындылау және қандай  тың тарихи деректердің  табылғаны жөнінде оқырмандарды құлағдар ету және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатын көздеген болатын. Шараға  тарих ғылымының кандидаттары Д.Д.Сүлейменова,  Б.С. Боранбаева, КАЗИИТУ ғылыми- білім кешенінің  қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Г.Е. Рамазанова, Т.Қ. Габделова  және аталған білім ордасының 1 курс студенттері қатысты. 

 

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ұйымдастырған  2017 жылдың 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік құндылықтары: Өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты  республикалық ғылыми - тәжірбиелік конференцияның өтуіне бірден-бір ат салысып «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» секциялық жұмысында  кафедра оқытушалары өз баяндамаларын оқыды.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Университет кітапханасында ұйымдастырылған шарада кафедра оқытушысы Рамазанова Г.Е. «Кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаев» атты баяндама оқыды.     

 

2017 жылдың 20 желтоқсанда  Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы  Ассамблеясының  және тарих және археология орталықтарының ұйымдастыруымен тарихи археологиялық ескерткіштерді сақтау және қорғау мәселелерін мақсат еткен халықыралық ғылыми - тәжірбиелік конференция оздырылды. «Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының мәдени мұрасы» атты конференция жұмысында Ақтөбе қаласының, Орынбор мемлкеттік университетінің, Батыс Қазақстан облысының музей меңгерушілері, облысымыздың жоғары оқу орындарының тарихшы ғалымдары, тарих және археология орталықтағының ғылыми қызметкерлері мен археологтары қатысып, екі ел шекарасында қараусыз қалған тарихи жәдігерлерді мемлекет тарапынан қорғауға алу туралы тың ғылыми бастамаларды жүзеге асыру жөнінде ойларымен бөлісіп, нақты ұсыныстар қабылдады. ҚазИИТУ ғылыми – білім кешенінің «Қоғамдық гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары З.Т.Кенисариева, Г.Е.Рамазанова, Ж.С.Гумарова, Р.Ж.Жанғалиев, Қ.Б.Қайыржанов өз баяндамаларымен қатысты. Осы конференцияға «Қазақстан мен Ресей мемлкеттерінің дипломатиясына 25 жыл»  атты мақала жазылып, ғылыми жинақта жарық көрді.

 

 

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы


 

Университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне кафедра оқытушыларымен «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Әлеуметтану», «Философия», «Саясаттану», «Дінтану», «Дене шынықтыру», «Еуразияшылдық: теориясы мен практикасы», «Өлкетану», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Кәсіби шетел тілі» пәндері және «Аударма ісі» мамандығы бойынша бірнеше арнайы пәндер сабақ беріледі.

Кредиттік жүйеге өтуге байланысты  барлық пәндер силлабуспен және  оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік стандарттарғасәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, пәндердің типтік бағдарламалары жаңартылады, оқу, оқу-әдістемелік құралдар жарық көреді.

Кафедрадағы әдістемелік жұмыс барлық пәндер бойынша толық материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар шығарып, кәсіби деңгейлерін жетілдіріп келеді.

 

 

Тілдерді оқыту барысында қазіргі заманның өзекті мәселесі ретінде студенттер бойында өз ана тіліне деген ұлттық құндылық және өзге тілдерге мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру қарастырылған. Сабақ барысында жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Бұл бағытта кафедра оқытушылары тілдерді оқыту әдістерін жетілдіріп, компьютерлік және оқыту бағдарламаларын, іскери және танымдық ойындарды, оқу пікірталастарын, проблемалы жағдаяттарды шығармашылықпен пайдаланып келеді. Өз жұмысында оқытушылар  тұлғаға бағытталған оқыту, «кері байланыс» түрлерін, тренингтер арқылы оқыту, «миға шабуыл», дидактикалық және рольдік ойындар түрлерін белсенді пайдалануда.

Оқытушылар тілдерді оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады, іскери ойындарды, жобалау әдістерін пайдалана отырып, инновациялық тәсілдерді қолданады.

 

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығында жоспарға сай 3 ашық сабақ өткізілген болатын. Сабақтардың басым көпшілігі оқытудың жаңа технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізілді.

 

  1. Самиголла Н.А. 07/12/2017 - «Speaking skills activities». Ю-142.
  2. Тюляпова Г.Д. 29/11/2017 – «Kazakhstan is my Motherland». АУ, РЭТ, ЭКО, БЖД, Д (орыс топтары)
  3. Атаева А.К. 13/11/2017 – «Functions of money». Э, ГМУ, Мен, Ф.

 

Кафедра оқытушылары жыл сайын өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары шеңберінде педагогикалық жұмыстарын ұйымдастырады.

Жыл сайын кафедра оқытушылары әр түрлі ашық инновациялық сабақтар өткізіп, тәжірибесін ортаға салады.

Барлық сабақтар жоспарланған кестеге сай өткізілуде, сабақ талдаулары өзара сабаққа қатысу жорналына жазылады. Сабақ тақырыптары мен өткізілген уақыттары оқу жұмыс бағдарламасына толық сәйкес келеді. Сабақтар құрылымы оның әдістемелік мазмұнын ашады. Ашық сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері сан алуан: сыни тұрғыдан ойлау элементтерін пайдалану, жобалық әдіс, Сase-study әдісі, сұхбат әдісі, интерактивті әдіс, рольдік ойын, шеберлік сабағы, дөңгелек үстел сабағы, мәселе тудырып оқыту, пікірталас, кері байланыс әдісі т.б. 

2017-2018 оқу жылынын жартыжылдық қорытындысы бойынша әдістемелік жұмыстар жоспар бойынша мерзімді орындалып, кафедра оқытушыларының арасында тәжірибе алмасу белсенді жүріп отырды.

Өзара сабақтарға қатысу барысында оқыту үрдісінде қолданылған дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың әлсіз және тиімді тұстары баса көрсетіліп, талқыланып отырылды. Ерекше назар тек кафедра оқытушыларының сабақтары мен түрлі бағытта өткізілген шараларына қатысу ғана емес, сонымен қатар университеттің басқа да оқытушыларымен тәжірибе алмасуына да көңіл аударылды. Жалпы кафедрадағы әдістемелік жұмыс кафедрада бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіруге, оқу үдерісін оңтайландыруға, белсенділікті арттыруға, әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсартуға, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған.

 

 

 

 

 

Аударма ісі мамандығының түлектер қауымдастығы


Қауымдастықтың мақсаты – университет пен университет түлектері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, үздіксіз білім беру бағдарламасын дамту, онлайн қызметін, унивеситет түлектері үшін арнайы мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып тұру, түлектердің басын қосып, оларға жеке және кәсіби түрде өсуге, карьералық жетістіктерге жетуге ықпал ету және университеттің стратегиялық дамуына көмек көрсету.

 

 

 

 

 

Кафедра марапаттары

 


Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі З.Ғ.М Магистр В.Б.Тапакованың жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі ерен еңбектері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталу сәті.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы П.Ғ.М магистр М.Ж.Хасанованы «Білім беру саласының үздігі» төс белгісімен марапатталу сәті.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы П.Ғ.М магистр А.К.Бабашеваның «Білім беру саласының үздігі» төс белгісімен марапатталу сәті.