«Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешеуге жол ашады» деп Елбасы айтқандай 21 ғасыр талабы -бұл цифрлы әлемнің ағынынан қалмау.Инженерлер тілімен айтсақ, жарық жылдамдығындай дамыған техника мен технологялардың жаңашылдығын игеруде ақпараттық сауаттылықтың алар орны зор. Цифрландыру-күнделікті қажетті жұмыстардың бір ғана электронды түрде қабылданған үлгіде іске асу үрдісі. «Сіз қаншалықты интернет желісінің ұсынған қызметтерін қолданасыз?» деген сауалнама қойылса. Бұл жердегі көзқарас екіге айырылуы мүмкін. Біреулері қолданса, екіншілері ақпарттық түсіндірме жұмыстарының аздығынан қолданбайды. Ақпараттық сауаттылық деңгейі орта және жас буын арасында бірдей таралған.
Сондықтан да қарапайым интернет желісінің қызметтерін қолдануда Қазақстанның барлық өңірлерінде 2018 жылдың 1 – маусымынан бастап халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету бойынша курстар басталған. Осы бағытта, мысал ретінде Қазақстанның ашық университетін алуға болады.Онда еліміздің интеллектуалды деңгейін сапалы онлайын – курстар арқылы көтеру көзделген.Көрсетілген сілтемеден(https://openu.kz/kz/books)сіздер рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде әзірленген 100 жаңа оқулықпен таныса аласыз.«Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар» бағдарламасының шеңберінде және тілдер апталығына орай ұйымдастырылған «Жастардың ақпараттық сауаттылық» тақырыбында «Автоматтандыру және басқару» мамандығының АУ-242 және АУ-342 студенттерімен және топ кураторлары Тажқұран А.Е мен Имангалиева А.Н. жетекшілігімен ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты студенттердің ізденушілік қырларын ашу, араторлық қасиеттерін дамытып, тиянақты ойлау қабілетін арттыру.Студенттер өздерінің дайындаған жұмыстарын сауатты орындады. Ашық сабақта Кошакова Асем, Алманов Арман өздерінің баяндамаларында интернет желісіндегі қауіпісіздік, цифрлы қызметтер туралы ақпаратты бере отрып,жол ақысының электронды картасы, тегін WIFI-желіснің орналасқан жерлері,жастардың басқосатын коворкинг орталықтары, дәрігерге онлайын жазылу сияқты қызметтер түрлерінің орал қаласының мысалында түсіндірді.
«Техникалық пәндер» кафедарсының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі,
АУ-342 тобының кураторы Тажқұран А.Е.