ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымына - 75 жыл
24 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришті құттықтап, БҰҰ-ның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады, сонымен бірге бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуын, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстанның толығымен қолдайтындығын жеткізді.