Волейболдан турнир
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай КазИИТУ кешенінің ұстаздары арасында Волейболдан шағын турнир өтті.Кешіміздің арнайы қонақтары болып «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғабделов Беркінғали Серікұлы , Ауған соғысының ардагері Баровский Анатолий Владимирович және КазИИТУ кешенінің қызметкері, Ауған соғысының ардагері Адайгужиев Александр қатысты. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Баяхов Әліби Науханұлы және кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахметов Талғат Хасанұлы турниріміздің салтанатты шымылдығын ашып берді.







