Создано: 30 декабря 2020
893

Сыртқы аудит

Республикалық жоғары техникалық колледжі 2020 жылғы 22 желтоқсанындағы №119 «Сапа менеджменті сәйкестігін растау бойынша жұмыс өткізу туралы келісімшартқа» сәйкес ағымдағы жылдың 29-30 желтоқсаны күні «TeamExpertSM» ЖШС аудит бойынша тобының жетекшісі Г.В.Шкокованың қатысуымен тікелей ZOOM – онлайн форматында Нұр-Сұлтан қаласынан  колледждің сапа менеджменті жүйесі талаптарына сәйкестігін анықтау үшін сыртқы аудит тексерісі өтті.

Сыртқы аудит жоспарына сәйкес аудит бойынша тобының жетекшісі Г.В.Шкокова барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әрқайсысымен жеке Сапа менеджменті жүйесіне ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптары бойынша стандарттың барлық бөлімдерін қамти отыра, сұхбат жүргізді. Аудит тексерісінің бірінші кезеңі сұхбат түрінді оздырылса, екінші кезеңі жазбаларды растау бойынша құжаттардың түгелдей сканерлік нұсқалары сұратылды. Колледжіміздің Сапа менеджменті жүйесіне жауапты тұлғалар СМЖ басшысы Р.Е.Аяпова, СМЖ менеджерлері В.Б.Бекесова және А.А.Галламова сұхбат кезеңі аяқталған соң, Аудит бойынша тобының жетекшісі Г.В.Шкокова талап еткен құжаттардың барлығын сканерлеп уақтылы жолдады. Сыртқы аудит тексерінің жетекшісі Г.В.Шкокова колледжіміздің жұмысына оң бағасын беріп, Сапа менеджменті жүйелері талаптарына сәйкестігі туралы сертификат жаңа жылдан соң, салтанатты түрде табыс етілетіні туралы жариялады. Республикалық жоғары техникалық колледжі бұл сынақтан мүдірмей өтіп шықты.