Кітапхана тарихы
XXI ғасыр-мәдениет, білім және ғылым ғасыры.
Барлық білімнің кәусар бұлағы кітапхана болып табылады
Н.Ә. Назарбаев
Кітапхана тарихы
Жамбыл қазақ-түрік есп-экономикалық колледжімен бірге кітапханасы да ұдайы дамып, жетіліп келеді.
Қазақстан Республикасының білім министрлігінің 23.08.1993жылы №377 бұйрығы негізінде статтехникум базасында түрік бөлімі ұйымдастырылды және ол 1998 жылы Жамбыл қазақ-түрік есп-экономикалық колледжі болып бөлініп дербес, заңды тұлғалы, өз құқығы бар оқу орны болып табылады.
1999 жылдан кітапхана ашылып жұмыс жасай бастады. Алғашқы кітапханашы болып оқытушы Райхан Қалиқызы жұмыс істеген.
2000 жылы кітапхана қорында 3601 дана кітап жинақталды. Оның ішінде оқулықтар саны 2292, әдеби кітаптар 1309 дана санымен толықтырылды. Жалпы оқырмандар саны колледж оқытушылары, қызметкерлермен және білімгерлермен 246, оның ішінде білімгерлер 193 болған.
2000-2001жылдың қазан айынан Керімбекова Нұржахан қызмет жасады.
2001 жылдың қараша айынан Тайлыбаева Сауле кітапханашы қызметін атқарған.
2001 жылы 5106 дана кітаппен, 2002 жылы 6461 дана кітаппен, 2003 жылы 7872 дана кітаппен, оның ішінде оқулықтар саны 4249дана, әдеби кітаптар саны 3623дана болса, ал 2004 жылы 8428 дана кітаппен, оның ішінде оқулықтар саны 4583, басқа да кітаптар 3845 данамен толықтырылды.
2005 жылғы жалпы кітап саны: 11653 дана, оқулықтар саны 7294, басқа да кітаптар саны 4359.
2006 жылғы жалпы кітап саны:12530 дана. Оқулықтар саны 7988 дана басқа да кітаптар саны-4542.
2007 жылғы жалпы кітап саны:13117. Оқулықтар саны 9532 дана басқа да кітаптар саны- 4542.
2005-07 жылдар аралығында оқу әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің электронды және магнитті көмекші құралдар, видеотека, фонотека, медиатекаларлың мамандыққа қатысты барлық пәндреден (қазақ, ағылшын, түрік, орыс) тілінде және Қазақ киносының «Алтын коллкциясымен» DVD қамтамасыз етілді.
2008жылы 1 оқушыға тиесілі оқулықтар 30 дана болса ,2011 жылы 46,6 данаға жетті. 2011 жылы кітап қоры 20446 дана оқулықтар және оқу әдебиеттерін құрайды,оның ішінде мемлекеттік тілде 5671 дана,жалпы білім пәндерінен оқулықтар 14280 дана,электрондық оқулықтар 666 дана,мамандықтар бойынша арнайы пәндерден оқулықтар 6166 данаға жетті. Жалпы кітап қоры 2008-2011 жылдар мен салыстырғанда 8762 данаға, яғни 43 %
2012 жылы кітап қоры 18177дана, Жалпы кітапхана корындағы оқулықтар-11227. Электрондық оқулықтар 935 дана, Оқу-өдістемелік кітаптар-436, Әдеби кітаптар-5579, Оқырмандар саны-349.
2013 ж. кітапхана қоры туралы деректер
Кітапхана қоры –20271, Жалпы кітапхана корындағы оқулықтар-13156,
Электрондық оқулықтар-968, Оқу-өдістемелік кітаптар-466, Әдеби кітаптар-5681, Оқырмандар саны-361
2014-2015 оқу жылындағы кітапхана қоры туралы мәлімет
Жалпы кітап қоры-22685 дана, Көркем әдебиет-7468 дана, Қазақ тілінде-3061, орыс тілінде-1158 дана, шет тілінде-3249 дана
0515000 «Менеджмент», 0518000 «Есеп және аудит», 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша оқулықтар- 15217 дана, оның ішінде
Қазақ тілінде-4904 дана, орыс тілінде-2187 дана, шет тілінде-5942дана, электронды оқулықтар- 1015 дана, қазақ тілінде- 71 дана, орыс тілінде-38дана, шет тілінде-907 дана. Оқу құралы-705 дана. Қазақ тілінде-513дана, орыс тілінде-113 дана, шет тілінде-79 дана. Әдістемелік-464. Қазақ тілінде-360 дана, орыс тілінде-77 дана, шет тілінде-27 дана. Жалпы білім алушылар саны- 360. Оқулықтар саны- 15217дана. 1 оқушыға тиесілі- 42 дана
2015-2016 оқу жылындағы кітапхана қоры туралы мәлімет
Жалпы кітап қоры-23991дана. Көркем әдебиет-7485дана. Қазақ тілінде-3074, орыс тілінде-1162дана, шет тілінде-3249 дана. 0515000 «Менеджмент», 0518000 «Есеп және аудит», 0513000 «Маркетинг» мамандығы бойынша
Оқулықтар-16575дана. Оның ішінде Қазақ тілінде-6499 дана, орыс тілінде-2991 дана, шет тілінде-7085дана. Электронды оқулықтар- 1047 дана
Қазақ тілінде- 71 дана, орыс тілінде-37дана, шет тілінде-939 дана.
Оқу құралы-705 дана. Қазақ тілінде-513дана, орыс тілінде-113 дана, шет тілінде-79 дана. Әдістемелік-661. Қазақ тілінде-369 дана, орыс тілінде-77 дана, шет тілінде-27 дана. Жалпы білім алушылар саны- 311. Оқулықтар саны- 16575дана. 1 оқушыға тиесілі- 47 дана
Ал 2016 жылдың 20 қазан айынан бастап Улдана Абуова Ермагамбетовна кітапхана меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 2016 жылдың қыркүйегіне бастап Аударма ісі мамандықтарына да қызмет көрсете бастады.
Шекспир «Кітап-маган тақтан да қымбат»,-деп кітаптың құдіретіне табынады, бүгінгі жедел ақпарат тасқынының тасасында «Кітап әлемін»қайта жандандыру – кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет.
Қазіргі таңда кітапхананың қызмет көрсету ауқымы кең. Оқырмандарға абонемент бойынша 25 орынға арналған оқырман залында қызмет көрсетіледі.
Қазіргі кезде колледжі кітапханасы білім алушыларға бір-бірімен өзара тығыз байланысты дәстүрлі және инновациялық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы білім беру ресурстарына және басқа да ақпаратқа еркін қатынауды қамтамасыз ететін жалпы қол жетімді ақпарат орталығы болып табылады.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауындағы: «ХХI ғасырда білімсіз өмір сүру – мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» - деген сөздерін тірек ете отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру - бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз.
Колледж кітапханасының тәрбиелік рөлі мынадай келесі бағыттармен: идеологиялық, азаматтық-патриоттық, эстетикалық, дене шынықтыру тәрбиелері арқылы жүзеге асырылады. Барлық маңызды мейрам күндері іс-шаралар өткізіліп тұрады
Білімгерлерге түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, сонымен қатар мәдени іс-шараларды әр түрлі үлгіде оқытушылармен бірлесе отырып апталықтарда кітапхана қорын толық ащық пайдаланып тақырыптық кітап көрмелерін көрсетеміз.
Мерзімдік басылымдарға оқытушыларға арналған ғылыми-әдістемелік журналдар және білімгерлерге экономика саласындағы ғылыми жобалары мен зерттеулерін беріп отыратын интернет жүйесінде сайт ашылған. Білімгерлер оқу бағдарламасына қажетті кез-келген тақырыпқа мәліметтер ала алады.
Кітапхана қоры Гарвард, Кембридж университеті, Оxford, Zambak баспаларымен толықтырылған. Фолиант баспасының «Кәсіптік білім» сериясы бойынша, облыстық білім басқармасынан мамандыққа сай оқулықтар мен әдеби кітаптар алынып отырады.
Колледж кітапханасы желісіз WI-FI интернетіне қосылған. Интернетті пайдалану білім алу процесіндегі барлық оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын толық және шұғыл түрде қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Ақпараттық іспен бірге, сауаттылықты арттырудың басты құралы оқудың маңызы да арта түсуде, бұл көбінесе өз кезегінде білікті мамандарды дайындаудағы білім сапасын айқындайды.
Кітапханашы міндеті
Лауазымдық міндеттері: Оқу өндірістік бөліктегі кәсіппен технологияға және лауазымдық нұсқаулыққа (жасақтау, есеп жүргізу, кітапхана қорын өңдеу және каталогты жинақтау, оны ұйымдастыру мен сақтау, оқырмандарға қызмет көрсету, бұқаралық жұмыс, көрнекілік безендірулер және т.б.) сәйкес кітапханадағы жұмысты жүргізеді. Кітапханаға жалпы басшылық жасайды, оқырмандарға жылдам әрі сапалы кітапханалық, ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетудіұйымдастырады. Кітапхана жұмысының жоспарымен жұмысының есеп беруін жүргізеді. Кітапханадағы кітап қорын қадағалау жұмыстарын атқарады. Кітапханадағы барлық кітапты тізімге алып, нөмірлеу құжаттарын жүргізеді. Оқушыларға, мұғалімдерге, қызметкерлерге кітап беруге арналған жеке карточкалар ашады және карточкалар бойынша кітаптарды қабылдап алады. Әр тоқсан сайын сынып бойынша кітап оқу есебін шығарып, әкімшілікке өткізеді. Кітаптардың тозығы жеткендігі туралы әкішілікке хабарлайды және кітапхана қорын ескі кітаптардан тазалайды. Жаңа түскен әдебиеттерге дер кезінде есеп жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент жарлықтарын, мәдениет және біілім жайындағы үкімет қаулыларымен өкімдерін кітапхана жұмыстарының мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарының басшы материалдарын. Кітапхана ісі теориясы мен практикасын, оқырмандарға қызмет көрсету ережелерін, кітапхана қорының есебі сақтауды. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғаныс ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Кітапхана лауазымына жоғарғы білімі бар 5 жылдан кем болмауы тиіс.