«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» атты жобаның шеңберінде жастармен кездесу
2024 жылы 5 ақпан күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің қолдауымен «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» атты жобаның шеңберінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" РҚБ төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мэлс Зайноллаұлы Семғалиевтың және құқық қорғау саласының мамандарының қатысуымен белсенді студенттермен кездесу ұйымдастырылды.