Created: 14 Мамыр 2024
96

Бизнес идеяның өзіндік ерекшелігі

2024 жылдың наурыз-сәуір айларында "Н.В. Парахин атындағы Орел мемлекеттік аграрлық университеті" ФГБОУ экономика факультетінің "АӨК-дегі Экономика және менеджмент" кафедрасы халықаралық және ресейлік кәсіпкер күндері аясында "Бизнес-идеялар мен жобалар - 2024" атты VI Халықаралық студенттік ғылыми-зерттеу презентация конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты: кәсіпкерлік, ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеует саласындағы құзыреттерді дамыту, жастардың экономикалық белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Нәтижесі: 6В05212 -"Экология" мамандығы бойынша біздің университеттің 3 курс студенті Баторшина Валерия Валерьевна бизнес-идеяның өзіндік ерекшелігі үшін Диплом алды.

Жобаның атауы-ағылшын ғалымдарының әдісімен жылқыларды тиімді шомылдырудың Бизнес-идеясы.

Номинация - мал шаруашылығы және құс шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған Бизнес-идеялар мен жобалар.

Ғылыми жетекшісі Берік Мерғалиұлы Хусаинов, "Экология және тіршілік қауіпсіздігі" кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.