Created: 14 Мамыр 2024
81

Российский открытый молодежный водный конкурс - 2024

«Экология және ТҚ» кафедрасының оқытушысы Кажимова Айдана Жасқайратқызының жетекшілігімен  «Стандарттау және сертификатау» білім беру бағдарламасының 4 және 1 курс студенттері Ашурматов Ақылбек пен Хамитов Асылбек «Су ресурстарын сақтау жолдары мен әдістері - гидропоникалық жүйелерді қолдану» атты жобамен 21 сәуірде Мәскеу қаласында өткен «Российский открытый молодежный водный конкурс - 2024»  байқауының суперфиналына қатысты.2024 жылы Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Түркіменстан қатысушыларынан1700-ден астам жоба қатысты. Байқау нәтижесі бойынша  номинациялық комитет үздік 27 жұмыс таңдалынды. Университет артынан қатысқан жоба үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды.