Created: 07 Ақпан 2024
648

«Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру» атты жобаның шеңберінде жастармен кездесу

Аталмыш шараның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру.

Іс-шараға келесі лауазымды тұлғалар қатысып, баяндама жасады:
- «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының вице-президенті, академик, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының директоры ,«100 жаңа есім» жобасының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы
- «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы" РҚБ төрағасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Семғалиев Мэлс Зайноллаұлы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы бірінші орынбасары Қасымов Мұратбек Жұмағалиұлы
- Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары подполковник Дюсембиев Асылбек Ғұмарұлы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонның 1 ротасы командирі аға лейтенант Құспанғалиев Данияр Мерекеұлы
Кездесуді Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, облыстық мәслихат депутаты, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының директорының орынбасары Баяхов Әліби Науханұлы жүргізді.
Жиын соңында:
- студенттер баяндамашылар кездесудің мақсаттарын толығымен ашты деген пікірлерін білдірді;
- студенттер лауазымды тұлғаларға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, олардың тарапынан тұжырымды жауаптар алды;
- студенттер ұйымдастырушылар таратқан анкеталарды толтырды;
- студенттерге ұйымдастырушылар тарапынан «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» атаулы Әлеуметтік Жобаны іске асыру құралдарының бірі болып табылатын флаерлер, буклеттер таратылды.