Created: 07 Наурыз 2023
816

«Ұрпақтар ұмытпайды…” атты рухани кездесу.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз - Алғыс айту күні ең алдымен, тыныштық пен үндестіктің, өзара сенімділік пен құрметтің артуына негіз болатын күн. Бұл мереке достық пен бірліктің, мәдени сан алуандылықтың үйлесімін дәлелдей түседі.
Осы мереке аясында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар ұмытпайды...» атты студенттермен рухани кездесу өтті. Кездесуімізге еліміздегі рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген «Зерек» оқу және тұлға дамыту орталығының тәлімгер – мамандары қонаққа шақырылып, жас ұрпақты ізгілікке баулитын, жастар арасында патриоттық рухты нығайтып, ұлтаралық татулықты айқындайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген игі шара орын алды.
Аталған шараны «Қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Элмира Тургалиева ашып, жалпы қазақ жерінде тұрып жатқан этностық топтардың елімізге қоныс аудару тарихын айтып, қазақ халқының қонақжайлық пен бейбіт өмір үшін жасаған жақсылықтары туралы естеліктерден студенттерге мысалдар келтірді.
Кездесу барысында "Зерек" оқу-дамыту орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының магистрі Манарбек Саинұлы 1 курс студенттерімен «Тарихи тізбек пен үзбек» мәселесін қозғап, «сұрақ – жауап» терапиясын өткізсе, педагог-психолог, логотерапия парақтары подкаст-клубының модераторы Дана Дәуітова жастармен рухани сұхбаттасты. Ал педагог, экобелсенді, Түркия елінің Ержиес университетінің студенті Нұрай Абзалқызы өз замандастарын ата-бабамыздың көрген тақсыретті көрмей өсіп жатқаны үшін, ақ таңымыз уайымсыз атқаны үшін алғыс айта отырып, атадан балаға қалған мұрамызды, салт – дәстүрімізді, тарихи тізбекті жалғастырушы болуға шақырды.
Алғыс айту мерекесі аясында ұйымдастырылған тәлімі мол, рухани іс-шарамыз - қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін, жас ұрпаққа өнеге болатын ғибраты мол , ұлттық кодымызды қалпына келтіруде қажетті мереке екендігіндігінің айқын дәлелі.

 

image-02-03-23-03-59

image-02-03-23-03-59