Created: 10 Желтоқсан 2021
732

Президенттің гранты

 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты ҚР президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқевтың 5 қантардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау туралы ҚР Үкіметі 8 шілдеде 469 қаулысы қабылданған болатын. Бұл Тәуелсіздік ұрпақтары грантында «Ғылым», «Медиа», «Ақпараттық Технология», «Бизнес», «Мәдениет»   бағыттары қарастырылды.

Республика бойынша 410 жоба ішінен 30 үздік жобаға 3 млн теңге грант тағайындалды .Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы, магистр Кажимова Айдана Жасқайратқызы Тәуелсіздік ұрпақтары грантына «Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштарды қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы негізінде алу» тақырыбы бойынша жоба ұсынып, «Бизнес» бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді. 2021 жылдың 8 желтоқсанында Ақордада Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы салтанатты түрде 3 млн теңгенің сертификатын табыстап, ғылыми жолда сәттілік тіледі.

 

image

image