Created: 11 Маусым 2021
1148

"ЖАҢАРУ АЛАҢЫ"

09.06.2021ж. "ЖАҢАРУ АЛАҢЫ" аясында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары мен жұртшылық өкілдерінің белсенді қатысуымен онлайн форматта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "ЖАҢАРУ" РҚБ "ҮЕҰ-ның «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» " әлеуметтік жобасы шеңберінде өткізген кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас семинары оздырылды.
Бұл алқалы жиынға Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, ✅Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен факультет декандары, ҮЕҰ мен ҰКП, бизнес-қоғамдастықтар, «Әдеп» жобалық кеңсесі, «NurOtan», «Ақ Жол» «Ауыл» партиялары және кәсіподақ өкілдері, БАҚ "ЖАҢАРУ" РҚБ активі, түрлі ұйымдардың 100-ден астам өкілдері қатынасты.
Семинардың алға қойып отырған мақсаты :
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті»қалыптастыру;
- халықтың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру;
- халықты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуның барысы туралы хабардар ету;
- нақты көмек көрсету;
- Азаматтық қоғам өкілдерін және «Adaldyq alany» жобалық кеңселерін жұмылдыра отырып, пікірталас және оқыту алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.
 
image
image
image