Created: 20 Ақпан 2021
899

Встреча с ветеранами войны в Афганистане

Биыл Кеңес әскерлері  шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай атаулы күн қарсаңында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.Кездесудің арнайы қонақтары болып «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Ғабделов Беркінғали Серікұлы, Ауған соғысының ардагері Боровский Анатолий Владимирович және КазИИТУ кешенінің қызметкері,Ауған соғысының ардагері Адайгужиев Александр қатысты.

Кездесу ерекше  емен-жарқын күйде өтті. Өмір сүре білудің қадірін бірі білсе, бейбіт күнде соғыс отын көріп келген осы жандар білер! Сондықтан олар достықты, туыстықты, денсаулықты – жалпы тірліктің мәнін жоғары қояды. Олардың әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Осы мақсатта да ауған соғысының ардагерлері әрдайым жеке құраммен кездесу өткізіп, жауынгерлік жылдарынан естелік айтып отырады, Отанды сүюге, оған адал болуға үйретеді.

Боровский Анатолий Владимирович ауған соғысындағы естеліктерінен бастап, Ішкі әскердегі қызмет жолынан біраз әңгіме тарқатты. Қарт жауынгердің әңгімесінен әсерленіп шыққан жас балалардың көзінен ерекше ұшқын байқалды. Бұл – ұйымастырылған шараның мақсаты орындалды деген сөз. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті. Басты мақсат та сол еді!

Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың  белгісіндей,  жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!

  Whats-App-Image-2021-02-19-at-15-30-50 

Театр үйірмесінің көркемдік жетекшісі – Ахонов Даурен.