САЛЫҚ ЗИМАНОВ - ЗАМАННЫҢ ЗАҢҒАР ҒАЛЫМЫ
2021 жылдың 18-19 ақпан күндері Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқықтану» мамандықтарының күндізгі оқу бөлімінің Ю-142 топ студенттеріне ұлы ғалым Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай оның өнегелі өмірі туралы «Салық Зиманов – Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, заң ғылымдарының атасы» тақырыбында ашық кураторлық сағаттар өткізіледі.
Кураторлық сағаттардың мақсаты: Студенттерге ұлы ғалым туралы мәліметтермен таныстыру. Оның тұлғалық өмірін үлгі және өнеге ету арқылы студенттерді білім мен ғылымға тәрбиелеу.
«Құқықтану» кафедрасы
Ю-142 топ кураторы С.С.Джуламанов
«Салық Зиманов – Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, заң ғылымдарының атасы»
2021 жылдың 19 ақпан күні «Құықтану» мамандығының Ю-142 курс студенттеріне ұлы ғалым Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай оның өнегелі өмірі туралы «Салық Зиманов – Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, заң ғылымдарының атасы» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.
Ғалымның тұлғалық өмірін үлгі және өнеге ету арқылы студенттерді білім мен ғылымға тәрбиелеу, олардың отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру, ғалымның еңбектерін насихаттау мақсатында өткен шарада Салық Зиманов атамыздың өмірбаяны мен оның отандық заң ғылымына қосқан ерен еңбегі туралы баяндалды. Әрі қарай тақырып бойынша бейнеролик тамашаланып, топ студенттері сөз сөйледі.
Отандық заң ғылымының патриархы, ұстаз, ұлы ғалым Салық Зиманов атамыздың еліне жасап кеткен өлшеусіз еңбегін кейінгі ұрпақ білуі парыз деп есептейміз. Атамыздың рухы асқақтап, жаны жәннатта болсын!