30- тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына орай «КазИИТУ»ғылыми-білімкешенінің жастарымен еріктілері автошеру ұйымдастырды. Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген шарада 5 автомобиль көлігінде жастар қолдарына ҚР мемлекеттік туы мен жалаушалар ұстап отырды және қазіргі өршіп тұрған індеттен (короновирус) қорғану мақсатында қала тұрғындарына тегін маска таратылды.