Батыс Қазақстан облысында бірыңғай «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды
2019 жылдың 14 қазан күні Батыс Қазақстан облысының барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өткізілді.
Шараларға лекторлар ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев, басшының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы А.С.Әйтімов, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Ә.Н.Баяхов, облыстық және қалалық әкімдіктердің лауазымды тұлғалары, сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Сонымен қатар, «Адалдық сағаттары» Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, облыстық жұмыспен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, тілдерді дамыту басқармасы, мемлекеттік сатып алу басқармасы, жер қатынастары басқармасы, құрылыс басқармасы, сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, облыстық департаменті және Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті ұжымдарында өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды және мемлекеттік қызметшілерді парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады. «Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылуда.