"Ұлы даланың қызғалдағы" деп аталған бұл шараға «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы бастаған профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер барып қатысып, қызғалдақтар мен сурет көрмесі, ауданаралық өнер сайысы, қолөнер бұйымдарын тамашалады. Сондай-ақ қызғалдақты алқапта өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысып, ұлттық спорт ойындарын көрді. Бірнеше сағаттық жол қашықтығына қарамастан, тұтас тәулік түзде болған студенттер дән риза.
Елбасы Ұлы даланың жеті қыры қатарында Қазақстанның алма мен қызғалдақ отаны екендігіне тереңдей тоқталған. Осы орайда, біздің өлкеміз Батыс Қазақстан облысының "қызғалдақтар өлкесі" екенін мақтан етеміз.
#руханижаңғыру