18.04.2019
« Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» - деп Әл-Фараби атамыз айтқандай оқу оқып, білім алып еңбектенген адам маман иесі болып , мақсатына жетеді. «Қазақтелеком» АҚ-да күндізгі курс студенттеріне арналған PROtelecom кең ауқымды бағдарламасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен кәсіпқой бол» атты бағдарламасының шеңберінде талантты студенттерді тағлымдамадан өтуге шақырады.
Тәжірибе - болашақ маманды қалыптастыратын алғы шарт демекеші, Ақтөбе қаласының Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының кадр жөніндегі жетекші маманы Курманбаева Маншук «Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университетініне» тағылымдама бағдарламасы туралы мәліметтер беруге келді. Коммуникациялық кездесуге «Техникалық пәндер» кафедрасының «Автоматтандыру және басқару», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтарының АУ-342, АУ-142, РЭТ-342, РЭТ-142 топтарымен кездесу өтті. Жетекші маман Курманбаева Маншук «Қазақтелеком» АҚ–ның бастамасымен басталған PROtelecom тағылымдамасы жас студенттерді қолдайтын, кәсіби біліктілікті артыратын және болашақта осы саланың маманы болатындығы жөнінде баяндады. Сонымен қатар, бағдарламаны өту барысында өте жақсы нәтиже көрсеткен студенттерге арналған қосымша шәкірт ақымен сертификат берілетіндігінде айтып өтті. Бұл бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады. Түсіндірме жұмыстарынан кейін аталмыш бағдарламаның алғашқы екі кезеңіне РЭТ-142 тобынан Жалмухамбетов Ильяс, РЭТ -342 тобынан Кубашев Серикболсын, Қалиева Хибаят, Жақсыбергенова Гулайна, Искакова Айдана студенттері қатысып, арнайы үлгідегі өтінішті толтырып, кәсіби білімдерін, дағдыларын тексеруге арналған тесттік тапсырмаларды орындады. Алдағы уақытта қалған деңгейлерден жақсы нәтиже көрсеткен студентті тәжірибеден өтуге жіберіледі.
Қызығушылық танытқан студенттерге толық ақпартты www.job.telecom.kz cілтемесінен алуға болады.
{gallery}0/0001{/gallery}
«Техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы
Тажқұран Айнұр Ерланқызы